- Негізгі бет
- Желідегі әңгіме
- Өмірімді құтқарған төлқұжат...
Өмірімді құтқарған төлқұжат қабы
Назарларыңызға Марат Жыланбаевтың facebook парақшасынан алынған әсерлі де әдемі әңгімесін ұсынамыз.
1994 жылы көне кеңестік төлқұжат визаға толып кетіп, жаңа төлқұжат алуға тура келді. Төлқұжат алып, Мәскеу қаласына шаруаларыммен бардым. Жол жүрерден бірер күн бұрын Арбат жақтан өтіп бара жатып, метрода шетелге шығу төлқұжаттарына арналған әртүрлі қабықша сатылып тұрғанын байқадым. Еліміздің елтаңбасы бейнеленген қабықша ерекше көзіме түсті. Дәл осы қабықшаның менің өмірімді құтқаратынын кім білген?
Ол кезде жалғыз өзім тұратын едім. Әйелім менің әрдайым сыртта жүретініме шыдамай, ажырасуға арыз жазды. Біз бейбіт түрде ажырастық. Ол алимент төлеу үшін сотқа шағымданған жоқ. Себебі ай сайын әйеліме келіскен сомманы беруге және ұлымның барлық шығынын өтеуге уәде бердім (киім-кешек, ойыншық, білім). Мен барлық міндеттемені орындадым. Ұлымды перзентханадан шығарғаннан бастап, күніне 3 рет шүмектен ағатын мұздай суға малып алатынмын. Менің бұл ісіме бәрінің төбе шашы тік тұратын (әсіресе енемнің). Сонымен қатар оны туылғаннан бастап әйгілі американдық медиатор Бенджамин Споктың әдісіне сүйене отырып, тек түнде жылауды үйреттім. Алайда мен кеткеннен кейін Рустамды ешкім бұлай тәрбиелеген жоқ.
Тұратын жерім болмағасын "Экибастузуголь" компаниясының бас директоры Каландрашвили Вячеслав Валерианович бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады. Бұл адам тек маған ғана емес, бүкіл қаланың дамуына көмектескен жомарт жан. Ол, әсіресе, білім мен спортқа көп көңіл бөлді. Өзі де салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын. Мен оның қабылдау кабинетіне кірерде ол мені көріп, былай деді: "Марат сен мына жерде кезекті тұрмай-ақ қой. Саған есігімді аяқпен теуіп, кіріп келуіне болады". Оның құрамасында Ақбаев Төлеген, Гайнулин Раис, Арбиев Елтай, Әубәкіров Еркен секілді Екібастұздың ең мықты адамдары болды. Ал оны орнынан алғанда, оның орнына болашақ Мәжіліс депутаты Өтегенов Аманғос жайғасты. Ол менің ақшаға келіп тұрғанымды біліп, ешқашан қабылдамайтын. Тақырыптан ауытқып кеткеніме айтып етпеңіздер. Мен қаладан жиі шығып тұрамын. Сондай кездерде үйімдегі теледидар, бейнемагнитафон, тіпті спорттық кубоктарым мен медальдарыма дейін екі мәрте ұрланды. Сондықтан мықты қатырмадан шарбақ салуды ұйғардым. Оны қара бояуға бояп, кәдімгі темірден жасалған шарбаққа ұқсатып қойдым.
Түнде ұшақтан түсіп, үйге келіп, шешініп те үлгермедім, есіктің қоңырауы шырылдады. Есікке жақындай барып: Кім бұл? - деп сұрадым. - Біз Гальмаданбыз, - деп жауап қайтарды. Сөйтіп, есікті ашып едім біреуі - ұзын бойлы келген, екіншісі - менімен бірдей, бірақ дене бітімі мықты екі жігіт ештеңе айтпай мені пышақпен дәл жүрегімнің тұсынан ұрды. Соққының қаттылығы соншалықты, еденге шалқамнан түстім. Алайда қандай күш дарығанын білмеймін, қабырғада жабыстырылып тұрған ағаштан жасалған аяқ киім салғышты жұлып алып, соны сілкіп қорғандым. Сәлден соң көрші пәтерден біреу шығып, балағаттай бастады. Әлгі екі жігіттің біреуі: - Қайрат, қаштық, - деп бақырды. Көрші бірден милиция мен жедел-жәрдемге қоңырау шалды. Араға 5 минут салып, олар да келді. Сонда дәрігерлер: - Егер мына төлқұжаттың қабықшасы болмағанда, пышақ жүрегіңізге кіретін еді, - деді. Содан соң әдеттегідей тергеу басталды. Біреуінің бет-әлпетін суреттеп бергендей болдым. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Оларды құзырлы орган қызметкерлері ұстай алған жоқ.
Ж. Исакаев