Қазіргі қазақтың ауызекі тіліне кіріп кеткен орысша “паразит” сөздер мыналар, ағайын! Сөйлегенде сөзімізді осындай «биттерден» тазартайық!
й (и) – және
и-то – оның өзі
и-щө (еще) – тағы
дажы (даже) – тіпті
тожы (тоже) – да, де
вапше (вообще) – тіпті
псегда (всегда) – әрқашан
хөть (хоть) – еш болмағанда
пастаянно (постоянно) – унемі
мәләдес (молодец) – жарайсың!
давай (давай!) – кеттік!, бастайық!
как раз (каз раз) – тура сондай, дәл
кәнешнө (конечно) – әрине, әлбетте
па любому (по любому) – қалайда болғанда
как сказать (как сказать) – қалай айтсам екен
не можетбыть – (не может быть) – мүмкін емес
между прочем (между прочим) – айтпақшы, айтқандай
міне кәжится (мне кажется) – меніңше, менім ойымша
кароче (короче) – қысқасы, қысқаша айтқанда
типа (вроде) – сықылды, сияқты, тәрізді, ұқсас
алдавай (давай!) – ал, кеттік!, ал, бастайық!
имею виду (имею в вилу) – деп ойлаймын
ну впринципе (в принципе) – асылында
непатеме (не по теме) – мағынасыз
может быть – (может быть) – мүмкін
на-при-мер (например) – мысалы
псе рабно (все равно) – бәрібір
паходу (по ходу) – бара-бара
никагда (никогда) – ешқашан
сразым – (с разу) – бірден
харашо (хорошо) – жақсы
тышто (ты что) – қой, ей!
у-же (уже) – әлдеқашан
у-жас (ужас) – сұмдық
точьно (точно) – дәл
білин (блин) – әттен
так (так) – сонымен
ой – әттеген-ай
Күнделікте өмірде тіл мәдениетін бұзатын бұл бөтен сөздер бір қырынан қазақтың құлдық психологиясын көрсететін белгілердің бірі. Елден ерекше, өзінше болып (немесе “блатной”), қазақша айтқанда тәкаппарлана сөйлеуге тырысудан шығатын жаман әдет. Өзінің ана тіліне деген құрметсіздік, ұлт болу тұрғысынан мәдениетсіздікті байқатады.
Кезінде қазақтың ғалымы, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынов тіл тазалығын сақтау маңыздылығын еңбектерінде талай ескертіп айтқан еді.
Мақсат Алпысбек
Автордың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды