- Негізгі бет
- Желідегі әңгіме
- КТК телеарнасы Қазнетте...
КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық "дикторға" қызығушылық танытты
КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық диктор Жасұлан Кенжебайды жаңалықтар бөліміне тәжірибеден өтуге шақыруға дайын.
"Иә, біз бұл роликті көрдік, шын мәнінде жігіт өте дарынды. БАҚ саласында мұндай дарындар аз. (...) Біз оған қызығушылық танытып отырмыз (Жасұлан Кенжебайға - Авт.) және оны жаңалықтар бөліміне тәжірибеден өткізуге дайынбыз. Жалпы айтқым келетіні, журналистикаға кәсіби білімі жоқ адамдар жиі келеді, яғни түрлі саладан келіп жатады, солардан жақсы маман шығады. Сондықтан егер ол бізге келсе, қарастырып көреміз", − деді КТК телеарнасының бас продюсері Дәурен Меркеев.
Айта кетейік, Жасұлан Кенжебай Жамбыл облысында күзетші болып жұмыс істейді және журналист болуды армандайды. Роликтерінде ол өзін КТК тілшісі деп таныстырады. Ол қазақстандық тележурналист Нартай Аралбайұлын үлгі тұтады. Айтпақшы ол қазіргі уақытта КТК-да жұмыс істемейді.
Ол өткен жылдың жазында камера алдында бірінші рет өнер көрсете бастапты. "Досым қонаққа келіп, телефон камерасына қарап тұрып, сөйлеуімді сұрады. Әдетте мәтіндерді тез жаттап аламын, көлемді болса да. Оны бір-екі рет оқып алсам жетеді, ары қарай жалғастыра беремін. Мәтін арасында Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің қанатты сөздерін қосамын. Негізінде көбі тосыннан шығады", − деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Дереккөз: Tengrinews
С. Ерсін