Міне әлеуметтік желіде жұртты дүр сілкіндірген тағы бір видео пайда болды. Бұл не деген масқаралық? Қазіргі қоғам неге соншалықты қаныпезер, қатал болып барады?
Әлі нәзік жанды қызды тоқпақтауға ғана келетін ержүрек жігіт кинотеатрда жұмыс істейтін қызды ұрып соқты. Жігіт өз кезегінде кинотеатр қызметшісіне қолындағы бөлтелкесін тастайды, ал қыз болса оған жауап ретінде қолындағы бос стақанын лақтырады. Кейінен ашуға булыққан еркек кіндікті алдындағы бар үстелін аттап, қыздың ішінен оңдырмай тепкен. Мұның барлығы жігітпен бірге келген құрбысының көзінше болған.
Бұл оқиға қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында болды. Қазіргі таңда арыз Есіл ауданының полиция мекемесіне түсіп, жігіттің соңынан қылмыстық іс қозғалды.