Инстаграм әлеуметтік желісінде сурет жариялау үшін тек смартфонмен ғана кіру керек деп ойлаймыз. Себебі компьютерде арнайы бағдарлама жоқ. Ал СММ саласының менеджері Данияр Алан есімді азамат Facebok әлеуметтік желісіндегі парақшасына компьютер арқылы өте сапалы суретті салуға болатын жолын көрсетті. Инстаграм әлеуметтік желісіне компьютерден фото салғысы келетіндерге арналған#лайфхакұсынамыз. 1) Браузерден (Google Chrome, Яндекс Браузер, Edge, Opera) инстаграмдағы аккаунтыңызға кіресіз. 2) Ctrl+Shift+I пернесін басасыз. 3) Оң жағынан суреттегідей терезе ашылады. Планшет не телефонның өзіңізге ыңғайлысын таңдайсыз (жоғарыдағы стрелка). 4) Егер суреттің төменгі жағындағыдай сурет қосу функциясы шықпаса, обновить қызметін қолданыңыз. Телефоннан салғанға қарағанда фото әлдеқайда сапалы болып шығады.