- Негізгі бет
- Желідегі әңгіме
- Ғалым Боқаш: "Мүшел...
Ғалым Боқаш: "Мүшел туралы"
Көпшілігіміз алғашқы мүшелді 13 жас деп жүргеніміз өтірік емес. Ал, журналист, шығыстанушы Ғалым Боқаш бұл пікірмен келіспейді. Неге? Ол өзінің фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына осы турасында пікірін білдірді. Оқып көріңіз!
Madina досымның өтініші бойынша мүшел жас туралы қысқаша бір пост жазып отырмын. Көп адам мүшел жас 13, 25, 37, 49, 61, 73, т.с.с. деп шатасады. Негізі әр адам өзінің туған жылы мүшелге кіріп, сол жылмен бірге мүшелден шығады. Басқа біреудің жылына жабысудың жөні жоқ.
Мысалы жылқы жылы туған адам барша қисын мен түркі халықтарының күнтізбесі бойынша дәл сол жылқы жылы мүшелге кіріп, сол жылдың соңында мүшелден шығады. Яғни, шынайы мүшел жас 12, 24, 36, 48, 60, 72, 84, 96, 108, т.с.с. болып шығады. Қазақ 12-ге толғанда құрсақтағы 9 айын 1 жыл деп қосып, "13 мүшелге шықтым" дейді, 24-ке келгенде "25 мүшелге шықтым" дейді, 36-ға келгенде "37 мүшелге шықтым" дейді, т.с.с.
Көпшілік сол құрсақтағы 1 жылды нақ жасына қосып жіберіп шатасып жатады. "Ұлу жылы туып, жылан жылы мүшелге кірдім, жылқымен мүшелден шықтым" деп абракадабра айтып отыратын құрдастарға құлаққағыс;)
P.S. Маған сенбегендер я белгілі түрколог-ғалымдардың зерттеулерін қарап шықсын, я Мұхтар Мағауин сияқты көшпелі қазақтың көзін көрген энциклопедиялық этнографиялық білімі бар ағаларымыздың жазбаларын оқысын, тіпті болмаса молданың алдын көрген ата-әжелерінен сұрап алсын.
Ж. Жұмағұлов