Кейде басымыздағы бақты бағалай алмай, өзгенің таңсығын қаңсық етіп жататын кезіміз болады. Жолында қиындық кездеспейтін адам жоқ. Ал кез келген қиындыққа дайын болу үшін өмірде орын алатын түрлі жағдайды біліп жүрген жөн. Сол себепті, бұдан былай Интернетте жарық көрген өмірден алынған оқиғаларды жариялап отырамыз.
Мен 19 жастамын. Тұрмысқа шыққаныма 2 жылға жуық уақыт өтті. Күйеуімді сүйемін және сыйлаймын. Енем де өте жақсы адам. Қайын әпкелерім бар, олар өз отбасымен бірге, бізден бөлек тұрады. Олардың да маған деген қарым-қатынасы жақсы. Бірақ менің қырсық мінезім бар. Біреу маған қалжыңдап сөйлесе, мен қырсығып қаламын. Сол адамның бетіне қарағым келмей қалады. Негізгі күйеуімнің туғандары жақсы, қалжыңдағанды ұнатады. Тек мен кейде сол қалжыңдарын көтере алмай қаламын. Не істесем болады? Осы мінезімді қалай түзесем болады?
Мен кірпияз адаммын. Мысалы, кітапханадан аған кітабым ескі әрі жыртылған болса, ұстағым келмей қалады. Себебі өзім кітапты таза, ұқыпты ұстаймын. Дәптеріме алғаш жаза бастағанда жазуым әдемі болмай кетсе, сол парақты жыртып тастап, қайтадан жазамын. Солай қатесіз және жазуым әдемі болғанша, парақтарды жыртып, қайтадан бастап жаза беремін. Ақырында 1 парақ жазамын. Одан соң шаршап, жазғым келмей қалады. Сонымен қатар, парақтары азайған дәптерді ұстағым келмей қалады. Бөлмемді жинап бастасам, барлығын орнынан алып, қайтадан дұрыстап жинаймын. Ал егер қатты шаршап қалсам, әрі қарай жинамай қоямын. Осы мінезімді өзгертуім керек пе? Қалай өзгертсем болады?