Анар Салқынбай: Мен егемен қазақ елінің азаматымын

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Ал бүгінде 16 желтоқсан егемендік емес, тәуелсіздік күні деп аталып жүр. Осыған қатысты филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбайдың пікірін қайта жаңғыртуды жөн көрдік:

Сөздің қайсысының болса да ішкі мағынасы оның әуелгі ұғымы негізінде қалыптасып, сол "энергетикалық" өрісте сәуле шашып, кісіге әсер етеді. "Тәуелсіздік" сөзінің негізі -"тәу ету" - бас ию мағынасынан шығады да, алдымен тәуелді етіп алады сіздің санаңызды. Басқы негіз мағынасы тәуелді болған соң, "-сыз" жұрнағының мәндік шамасы әлсіреп шығады ғой. 

Ал "Егемен" деген сөз ірі! Оны естігенде сіздің бойыңызды сенім мен өрлік пайда болады! Ал өрліктің артында намыс тұрады тайсалмай. Түбірі мен мағыналық құрылысы - мен осы елдің иесімін деп шаншыла қарайды. Жасып қалған қу көкірекке жасын боп құйылып, еңсені көтереді.

Мен егемен қазақ елінің, мәңгілік елдің азаматымын! Қалай? Күшті естіле ме? Сізге әсер етті ғой!

Facebook парақшасынан алынды