- Негізгі бет
- Желідегі әңгіме
- The Wall Street...
The Wall Street Journal: Әлеуметтік желіден бас тартып, жақсы өмір сүр
The Wall Street Journal басылымының журналисі таяуда зерттеу материалын жариялады. Автор 1 жыл бұрын әлеуметтік желіден бас тартып, уақытын тиімді пайдаланғанын жазған.
«Әлеуметтік желілерсіз өткен уақытта айналам мүлдем өзгерді. Соңғы кездері әлеуметтік желіге, оның ішінде поштаны тексеру, инстаграмға сурет таңдау үшін де көп уақыт кететін. Дегенмен, әлеуметтік желілердің барлығынан бас тарту уақыттың құндылығын түсінуге көмектеседі, сонымен қатар цифрлық өмірді де жеңілдетеді», деп жазады автор.
Автордың айтуынша, бұндай қадамға бару оның өміріндегі ең дұрыс шешімнің бірі болған.
«Көпшілігі Facebook, Twitter немесе Instagram-сыз өмір сүру мүмкін емес деп ойлайды. Дегенмен, әлеуметтік желіге аз уақыт арнаудың пайдасы көп. Біріншіден, сізде ең маңызды дүниелерге уақыт көбейеді. Екіншіден, қаптаған посттарды бақыламау түсінігіңізді арттырып, өзіңізге расымен ұнайтын дүниелерге деген құштарлығыңызды оятады. Үшіншіден, әлеуметтік желілерсіз өнімділігіңіз артады. Төртіншіден, сіз жеңілдей бастайсыз. Арқаңыздан жүк түскендей болады. Бесіншіден, айналаңыздағы адамдармен қатынасыңыз жақсарады. Ең бастысы, сіз өз өміріңізді қайтадан өз қолыңызға алып, өміріңізді бақылауда ұстайтын боласыз. Бұл өзіңді басқалармен салыстырып өмір сүргеннен жақсы», - дейді автор.
А. Қажиев