Ішкі істер министрлігі өкілі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында жүргізушілерге мемлекеттік нөмірлерге қандай код берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін цифрлық белгі қолданылады (қазір - 1-ден 17-ге дейін).
"Мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі облыстардың цифрлық белгіленуі облыс атауына байланысты мемлекеттік тілде әліпби ретімен беріледі. Жаңадан құрылған үш облысқа - Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына мына ретпен беріледі: Абай ауданына - 18, Жетісу облысына - 19 және Ұлытау облысына - 20", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі өкілі.
ІІМ өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына бұрынғы мемлекеттік нөмірді ауыстыру талап етілмейтінін атап өтті.