- Негізгі бет
- Жаңа жыл – 2018
- Кей жандар ұстанатын...
Кей жандар ұстанатын Жаңа жыл қарсаңындағы наным-сенімдер
Жаңа жылдың қарсаңында адамдар қуанышты күйге бөленіп, келер жылдан үлкен үміт, жақсы жаңалықтар күтеді. Сонымен қатар, кейбір наным-сенімдері де жоқ емес. Бұл наным-сенімдерге сену-сенбеу өз хақыңыз, дегенмен кей жандар бұл қағидаларды бұлжытпай орындауды жөн көреді.
Сонымен, 31 желтоқсан және 1 қаңтар күні жүзеге асыруға болмайтын істердің тізімі қандай? Олай кей жандар (әлем халқынан) ұстанатын жаңа жылдық наным-сенімдер:
- Жаңа жыл қарсаңындағы аптада алынған жаңа бұйымдарды қолдануға болмайды. Мысалы, белдік, тарақ, әшекей бұйымдарды жаңа жылдан кейін ғана қолдануға болады.
- Мереке уақытында үзілген түймені қайта қадау қажет емес. Осылайша бұрыннан келе жатқан қиындықтарыңыз бен сәтсіздіктеріңізден арыла аласыз деп есептеледі.
- Аяқ киімді жөндеуге беруге болмайды. Керісінше жағдайда, жаңа жылда сауда-саттық пен жаңа бұйымдар алуға жиі бара қоймайсыз.
- Сыйлықтардан бөлек ұсақ-түйек қажетсіз бұйымдар алуға қызықпаңыз, себебі, келер жылы сатып алынған заттардың барлығы дерлік қажетсіз тауарлар болуы мүмкін.
- Жаңа жылды қаржылай қарызбен қарсы алуға болмайды. Егер біреуге борышты болсаңыз, қарыздарыңызды өтеңіз. Сонымен қатар, мына нәрсеге көңіл аудара кетіңіз, 31 желтоқсан және 19 қаңтар аралығында қарызға ақша алмаған жөн.
- Жаңа жылды бос қалтамен күту дұрыс емес, солай болған жағдайда, жыл бойы қаржылай қиындықта қалуыңыз мүмкін.
- Мереке қарсаңында, сонымен бірге 1 қаңтар күні үй жинау секілді жұмыстарды мүлдем ұмытыңыз.
- Жаңа жыл түні қоқыс төкпеген жөн.
О. Сансызбай