Аз күннен кейін табысты болған тауық жылына қош айтамыз. Биылғы жыл еліміз үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Ит жылы да жақындап келеді. Келер жылдан үміт көп. Ит жылы туған ел мақтаныштары туралы оқи отырыңыздар! Бауыржан Момышұлы Бауыржан Момышұлы Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады. Әзілхан Нұршайықов Әзілхан Нұршайықов қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан жазушылардың бірі де бірегейі. Ол очерк жанрының хас шебері ретінде де жақсы таныс. ОныңАлыстағы ауданда (1956), Тың астығы (1958), Ертіс жағасында (1959), Жомарт өлке (1960), Махмет Қайырбаев (1967), Жер туралы жыр (1974), Мен журналиспін (1978), Коммунист туралы сөз (1982) деп аталатын очерктер жинақтары оқырмандарды елең еткізді.Қалың оқырманға етене жақын Махаббат қызық, мол жылдар романы (1970) мен Ақиқат пен аңыз роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі саналады.Махаббат, қызық мол жылдар романықазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесі жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алғызды. Тоқтар Әубәкіров Тоқтар Әубәкіров қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер.Сонау 1961 жылы мектепте оқып жүрген балаң шәкірт парашют үйірмесіне қабылданған. Араға екі жыл салып, Қарағандыдағы ұшқыштар даярлайтын үйірмеге ауысып, машина-трактор станциясында комбайншының көмекшісі болып жұмыс істеген.1969-1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болған. Ол1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет жерге қонбай, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. Ал,1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан Союз ТМ-13 кемесімен ғарышқа ұшты.Тоқтар Оңғарбайұлы КСРО-ның 72-ші, әлемнің 256-шы ғарышкері саналады. Геннадий Головкин Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандық боксшы, ел мақтанышы. Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы Головкиннің жекпе-жегін асыға күтетін деңгейге жетті. Биыл оныWBC ұйымы Геннадий Головкинді Жыл адамы деп таныды. Сонымен қатар олтанымал The Ring жәнеBoxing News журналдарының жаңарған рейтингтерінде бірінші орынға шықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі оның әр жекпе-жегін үзбей көреді. Биыл мексикалық боксшы Сауль Альвареспен болған жекпе-жегінен соң елбасы арнайы құттықтау жеделхатын жолдады. Отандасымыздыңөзге ел, өзге ұлт өкілдерінен де жанкүйерлері жетерлік. Олардың қатарында әлем танитынЗлатан Ибрагимович, Криштиану Роналду,Жан Клод Ван Дамм,Питер Динклейдж, Джек Ма сынды танымал тұлғалар бар. Димаш Құдайберген Димаш Құдайберген бүгінде әлем таныған әншілердің біріне айналды. Биыл Қытай елінде өткенI am singerән байқауынан жүлделі 2-орын алды. Бұл байқаудан кейін ол үлкен танымалдыққа ие болды. Одан бөлекАзияның ең танымал әншісі, Халықаралық дәрежедегі танымал әнші және Жылдың ең танымал әншісі,Ең үздік шетелдік танымал әнші, осының алдында ғанаЕң танымал шет елдің әншісі,MTV Music awards,Жылдың үздік ер әншісі,Жылдың ең үздік əншісіжүлделерін жеңіп алды. Тіпті әншінің құрметінеTianDao және Eastern Airlines компаниялары бірлесіп ұшақ шығарды. Жаз айында Астана қаласында үлкен концерт өткізді. Әлемдік деңгейдегі әнші Майра Мұхамедқызы Димаштың даусын сирек кездесетін контральто деп бағалады. Мұндай дауыс ерекшелігі вокал өнеріндегі құбылыс болып есептеледі.Қазіргі таңда оның тек Қазақстанда ғана емес, Америкада, Жапонияда, Индонезия, Қытайда, Францияда және т.б. бірнеше елде фан-топтары бар. Бұл жетістіктер әлі басы ғана. Енді отандасымыздың мұхит асатын жоспарлары бар екен.