Жаңа жылға жақындарыңызға қандай сыйлық беретініңізді әлі шешпеген болсаңыз, жұлдыз жорамалы бойынша салыстырып анықтаңыз. Тоқты Тоқтылар үшін ит жылы белсенді қызметпен байланысты. Олар белсенді әрі іскер болып келеді. Сондықтан табысты адамның белгісі ретінде қабылданатын сыйлық таңдауыңызға болады. Сыйлық керек жағдайда оған мақсатын еске түсіретін, жігер беретін немесе ісін жүргізуге көмегі тиетін зат болғаны дұрыс. Мысалы, іскер адамға қажет техниканың бір түрі, әдемі сағат, бағалы көрінетін әшекей және т.б. Торпақ Торпақтар өзіне не керектігін анық білетін адамдар. Оларды экзотикалық сурет секілді кәдесыйлармен таңғалдырамын деп сыйлаудың қажеті жоқ. Торпақтарға қарапайым, алайда үй тұрмысында міндетті түрде қолданылатын сыйлық берген жөн. Мысалы, әдемі ыдыс, киімге қажет бұйым, косметика салатын сөмке және т.б. Егіздер Егіздер келер жылда бұрынғыдан да белсендірек болады. Оларға жолға шығатын сөмкеге сыятын сыйлық беруге болады. Мысалы, саяхаттауға қажет болатын заттар. Шаян Жаңа келер жылда Шаяндар күнделікті өмір салтын өзгерткісі келіп, белсенділік көрсетіп, саяхаттауды қалайды. Сондықтан оларды қолдап, үй жайлылығын аздап болса да ауыстыратын, ұзақ саяхатқа қажет зат алуға болады. Мысалы, бинокль, сапарға арналған рюкзак, электрониканы судан қорғайтын қап, глобус және т.б. Арыстан Арыстандар сыйлық жағына келгенде тұрақтылықпен ерекшеленеді. Арыстандарға олардың патшалық табиғилығын айқындайтын сыйлықтар ұнайды. Сондықтан олар зергерлік әшекейлерге немесе үйге қажет заттарға сөзсіз қуанады. Бикеш Бикештер басқа жұлдыздарға қарағанда алысқа саяхаттауды ойлай бермейді. Оларға тұратын жерін жақсартатын заттар ұнайды. Бикештер кәдесыйларға, әдемі суреттерге және тартымды заттарға қарсы болмайды. Таразы Таразылар біркелкілікті жақсы көрмейді. Олар сыйлықтың біреу болғанын ұнатпайды. Оларға бір негізгі сыйлық таңдап, оны қосымша тәттілермен немесе жапсырмалармен безендірген жөн. Ал негізгі сыйлықты адамның қалауына қарай таңдауға болады. Мысалы, егер үйде отыратын адам болса, жылы халат немесе тәпішке алыңыз. Егер оның қандай әуесқойлықпен айналысатынын білсеңіз, соған екпін қойып, таңдаңыз. Сарышаян Сарышаяндар қалайтын сыйлығын өздері айтуы мүмкін. Егер өзі айтпаса, ерекше затқа көз салыңыз. Сарышаяндар қарапайым сыйлықтарды ұнатпайды. Мысалы, оларға киім сыйласаңыз, ол ерекше әрі ашық түсті болуы керек. Мерген Мергендер қызығушылығына қатысты сыйлықтарды ұнатады. Мысалы, ол кітап оқығанды ұнатса, жаңа кітап сыйлаңыз. Сонымен қатар, мергендер де саяхаттауға байланысты сыйлықтарды ұнатады. Тауешкі Тауешкілерді ит жылы мансапқа жету сұрақтары мазалайтын болады. Сондықтан оларға қолдау көрсетіп, сәттілікті білдіретін зат сыйлауға болады. Егер ол шығармашылық адамы болса, сыйлық туралы ойланудың қажеті де жоқ. Суретші әрқашан жаңа бояу мен қылқалам қаласа, гитарада ойнаушыға жаңа ішек керек. Суқұйғыш Суқұйғыштар ең ерекше сыйлықтарды жақсы көретіндер қатарына жатады. Оларға сыйлық дайындауда оның сыртқы келбетіне көп мән беріңіз. Балық 2018 жылы Балықтарға айналасына жағымды атмосфера жасайтын сыйлық беруге болады. Ол мистикаға қатысты африкалық маска немесе мүсінше, йогамен айналысуға қажетті зат болуы мүмкін. Алайда мұндай заттар туралы балықтар жақсы білетіндіктен, пайдасы бар түрін қараңыз. Сонымен қатар, оларға суға қатысы бар сыйлықтар да ұнайды. Мысалы, теңіз бейнеленген сурет немесе декоративтік сарқырама.