Ит жылы да жақындап келеді. Тауық жылы мәресіне таяп тұр. Ал сіз 2017 жылды қалай өткіздіңіз? Бір сәт өзіңізге есеп беріп көріңізші... Өз-өзіңе есеп беру оңай емес. Әйтсе де өткен жылға қорытынды жасап, келер жылға жоспар құру маңызды. Жаңа жыл қарсаңында есеп беру біреулер үшін аса маңызды болмас. Біреулер туған күні кезінде, біреулер Наурыз мейрамы келгенде өз-өзіне есеп береді. Ал енді біреулер күніге жатар алдында өзінен есеп сұрайды. Ал сіз әлі күнге дейін өз-өзіңізге есеп бермеген болсаңыз, мына сұрақтар көп көмегін тигізеді деген ойдамыз. 1. Балаларыңыз бен немерелеріңізге осы жыл жайлы естелік ретінде нені айта аласыз?2. Осы жылды үш ауыз сөзбен қалай бағалар едіңіз?3. Өзіңді биыл қандай қырыңнан таныдың?4. Биылғы қандай жетістігіңмен мақтана аласың?5. Осы жылы қандай жаңалыққа қуандың?6. Биыл қандай ерекше жерге бардың?7. Өтіп бара жатқан жылда не үйрендіңіз? Қандай талабыңызды ұштадыңыз?8. Кімге ерекше құрмет білдіресіз?9. Сіз егер осы жыл жайлы кітап жазар болсаңыз, қандай жанрда (комедия, драма, махаббат хикаясы) болар еді?10. Сіз осы жылдан қандай сабақ алдыңыз?11. Өзіңіздің қандай жағымсыз қылықтарыңызды жеңе білдіңіз?12. Жұмыста қандай табысқа кенелдіңіз?13. Биыл сізге әсер еткен кітап пен фильм14. Биыл сіздің тарапыңызға айтылған ең жағымды пікір15. Қандай жақсылық жасадыңыз?16. Бір жыл ішіндегі психологиялық күйіңізді (қуаныш, қызғаныш, шаршау, жалғыздық, т.б.) бір сөзбен жеткізіңіз.17. Осы жылы өміріңізде алғаш рет болған оқиға?18. Ең есте қалар сәт?19. Биыл алған ең қымбат сыйлық20. Осы жылы қандай басты мәселені шештіңіз?21. Қандай оқиғаны еске алсаңыз, жүзіңізге күлкі үйіріледі?22. Ең сәтті саудаңыз23. Сіз керісінше жасаған тірлік?24. Өзіңізді осы жылғы қай ісіңіз үшін мақтай аласыз?25. Осы жылы нені көп уайымдадыңыз?26. Биыл қандай тақырып сіз үшін қызықты болды?27. Бойыңызда биыл пайда болған қылықтар28. Осы жылы сіздің өміріңізге кімнің әсері көп болды?29. Қандай сөзді бәрінен көп қолдандым?30. Осы жылға жоспарлағанымның бәрін орындадым ба?