Қазақша жыл санаудың соңғы жылы – доңыз жылы. Григориан күнтізбесі бойынша, аз уақытта дәл осы доңыз жылы табалдырықтан аттағалы тұр (Шығыс күнтізбесі бойынша 5 ақпаннан басталады). Осыған байланысты, назарларыңызға доңыз жануары туралы, доңыз жылы туралы екінің бірі біле бермейтін қызық деректерді ұсынамыз.
Адам баласы қолға үйреткен алғашқы жануардың бірі – дәл осы доңыз. Генетикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, жабайы шошқаны адамдар екі мәрте қолға үйреткен. Еуропа және Азия аймағында. Доңыз айдағаныңа көніп, ұзақ жолға жүре беретін жануар болмағандықтан оны көшпенділер мүлде асыраған жоқ.
Доңыз – ортаға тез бейімделгіш келеді және психолог мамандардың айтуынша тез шешім шығаратын жануар. Қызықтысы, олар кез келген нәрседен үркіп, үрейлене бермейді. Тіпті, өміріне қауіп төнетін әрекетке де ойланбастан барады.
Доңыздар суда өзін жайлы сезінеді және су ішінде жақсы жүзеді. Қызықты факттің бірі, олар терлемейді. Себебі, оларда тері бездері жоқ. Сонымен қатар, олар азықты көп қажет ететін жануарлардың қатарында. Орташа есеппен доңыздың салмағы – 90 кг. Күніне шамамен 3,6 кг азық жейді. Жейтін жем-шөп таусылғанда қоқысты да азық қылады. Олар ашыққан жағдайда өз торайларын да жеуден бас тартпайды.
Ең ақылды жануарлардың арасында доңыз алтыншы орында тұр. Оның миы үш жастағы баланың ақыл деңгейіне сәйкес келеді. Пенсильвания университетінің ғалымдары шошқаның түрлі тапсырма шешу икемін тексеру мақсатымен компьютер ойынын үйретіп көрген. Нәтижесінде, доңыздардың ақпаратты ұзақ уақытқа дейін есте сақтай алатыны анықталған. Үлкен танауларының көмегімен ол түрлі иісті ажырата алады, яғни иіс сезу мүшесі жақсы дамыған. Жануардың бұл қабілетінен хабардар француздар XV ғасырда трюфел саңырауқұлақтарын іздеу кезінде үй шошқаларын ертіп шығатын болған. 10-16 см топырақ астында өсетін саңырауқұлақтың бұндай бағалы түрінің иісін доңыздар 2000 метр қашықтықтан сезеді екен. Бүгінгі уақытта кей мемлекеттер доңызды есірткі іздеу үшін әскери бөлімдерде арнайы өсіреді.
Доңыз бен адам физиологиясы өте ұқсас
Доңыздың ішкі анатомиялық құрылымы адамдікіне қатты ұқсайды. Сол себепті де, адамға жасауға рұқсат етілмейтін кейбір зерттеулер шошқаға жасалады. Доңыз бен адам етінің дәмінде де, омырау сүтінің дәмінде де аса көп айырмашылық жоқ. Адам өлтіруді машыққа айналдырған әйгілі еуропалық баскесерлер Hamann мен Kurten шошқа етінің орнына адамның етін қосып шұжық жасап сатқан.
Доңыздың аталығын бабаларымыз бағзы заманнан қабан, қаракиік деп атаған. Сол себепті де жыл санаудағы доңыз жылын бабалар «қаракиік жылы» деген. Ал доңыздың аналығы – мегежін, торапай (енді ғана үйігу жасына жеткен қаракиіктің ұрғашысын торапай дейді), ал төлі – торай. Мегежін бір төлдегенде 10 шақты торай табады. Барлығына бірдей сүт жетпегендіктен екі-үшеуі жетілмей жатып өледі. Осы мәселенің шешімін канадалық ғалымдар ойлап тауыпты.
Канадалық компания аналық доңыздың роботын жасап шығарды
Үй шошқасының санын арттыру үшін канадалық «Фарматик» фирмасы доңыз аналығының роботын жасапты. Ол торайларды бауырына алып жылытудан бөлек, оларға күнделікті жеткілікті мөлшерде сүт беріп отырады. Жануардың сыртқы бейнесін айнытпай жасаған құрастырушылар дыбыс шығаруды да ұмыт қалдырмапты. Тірі доңыздай қорсылдайтын бұл робот сүт берер алдында торайларды осы дыбыспен шақырады екен. Айтпақшы, тағы бір қызықты дерек, доңыз бар дауысымен қорысылдағанда оның дыбысы 115 децибелге дейін жоғарылайды екен. Бұл көрсеткіш, әуе ұшағының дыбысынан 3 децибелге жоғары.
Доңыз жайлы аңыз. Жабайы шошқа қалай үй жануарына айналды?
Америкалық үндістердің сенімінде доңыздар құрғақшылық кезінде жаңбыр шақырады. Олар доңызды айға, күркіреген жауынға теңейді. Ал Жаңа Гвинеяны қоныстанған ежелгі папуалықтар доңызды алғаш қолға үйреткен деген аңыз бар. Бұл жайлы орыс ғалымы, саяхатшы Миклухо-Маклай өз естеліктерінде жазған. Папуалықтар аң аулап жүріп доңыздың кішкентай төлін тауып алады. Бұл жануарды қоныстарына апарып, оған жем-шөп беріп асырап ересектенгенше қолға үйретіп асырайды. Тіпті кейбір папуалық тайпаның әйелдері торайды емшек сүтімен өсірген екен. Уақыт өте доңызды қолға үйрету белең алып, осылайша жабайы шошқа үй жануарына айналған көрінеді. Миклухо-Маклай өз күнделігіне папуалықтармен алғаш кездескенде иесі қайда барса да соңынан бір елі қалмайтын доңыздарды көргенін жазған: «Мені көрген бір топ әйел орманға қарай қаша жөнелді. Олардың артынан жасөспірім жасқа шыққан балалар, ырылдаған иттер мен қорсылдаған шошқалар қоса қашты».
Доңыз жылының қарсаңында
Ұлттық банк 19 қарашада номиналы 500 теңгелік “Шығыс күнтізбесі” монеталар сериясынан “Доңыз жылы” атты алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды. 12 қырлы монета композициясының авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист Владимир Твердохлебов, Алексей Татаринов және Владимир Кацев. Бұл монета Қазақстан аумағындағы барлық банкте шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Аталған монетаны Ұлттық банктің теңге сарайы дайындаған.
Ислам дінінде доңыз еті арам деп саналатындықтан, мұсылмандар оның етін тұтынбайды. Соған байланысты, жақында ғана Түркіменстан Республикасы келе жатқан 2019 жылды доңыз жылы деп атауға тыйым салып, қаланы безендіру кезінде бірде-бір доңыздың суретін пайдалануға рұқсат берілмейтінін хабарлады.
Доңыз жылында қазақстандықтарды не күтіп тұр? Нумеролог болжамы
Белгілі нумеролог Адия Құсайынова Nur.kz сайтына берген сұхбатында 2019 жылы қазақстандықтар табанды жұмыс істеп, сақ жүру керек екенін айтты. Маманның айтуынша, 2019 жыл 3 санымен байланысты. Бұл жыл қазақстандық спортшылар үшін табысты болмақ. Сонымен қатар, биылғы жыл басы бос жандар үшін өз сыңарымен қосылуға таптырмас жыл. 2019 жылы дүниеге келгендердің тотемі – марал. Бұл жылы туылғандар өте сезімтал, жуас, өзгелермен тез тіл табыса алатын жандар. Олар өзгелерге қарағанда арманшыл, қияли келеді. Өз-өзіне сенімді, сырт келбеті келісті, тартымды адамдар дәл осы жылы туылады екен. Марал тотеміне сәйкес келген адамдар 1955, 1987 жылы дүние есігін ашқан.
Добрый #вечер, дорогие подписчики. Я стала перебирать всех знакомых по описанию этого древнего гороскопа по году рождения и удивляюсь все больше. Они так похожи на своё тотемное #животное. Вот к примеру, #люди, рождённые в следующих годах, приобретают #качества Лани. . ????#Тотем Лани награждает своих подданных аристократизмом, артистизмом, утонченностью. Однако людям, появившимся на свет в эти годы, нередко не хватает глубины чувства: они скользят по поверхности, выбирая самые легкие дороги – даже если они не слишком интересны. #Лань боязлива, серьезные испытания и глубокие чувства ее пугают, отталкивают, зато в легком флирте это истинные виртуозы. . ????Люди этого тотема часто бывают одарены в области искусства, они очень чувствительны, романтичны, но им недостает здравого смысла. Внешне они отличаются особой привлекательностью: грациозны, изысканны, #глаза с поволокой. Правда, Лани очень красивые? . . С уважением, ваш #нумеролог Адия ????
Публикация от Адия Хусайынова (@adiya.numerolog)19 Сен 2018 в 10:18 PDT
Биыл қай жылы туғандар мүшелге кіреді?
Қазақша жыл санау бойынша биыл 1911, 1923, 1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007 жылы туылғандар мүшелге кіреді. Ең қиыны 37 жастың мүшелі. Ал оның сыры неде? Жауабы сілтемеде.
Доңыз жануарын ақша жинауға арналған жинақ сандықшасы есімізге түсіреді. Осыны ескере отырып, биылғы жыл еліміз үшін табысты жыл болғай деп тілек айтамыз.