- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2017
- Жаңа жыл мерекесінде...
Жаңа жыл мерекесінде ғашықтарымен бірге көретін фильмдер
Жаңа жыл кеші романтикаға толы болсын десеңіз ғашығыңызбен жақсы фильм көріңіз. Көңіл көтеріліп қана қоймайды бәлкім өз сезіміңізді фильмнен кейін жеткізуге де болады. Мерекелік көңіл-күймен ғашығыңызға қол жеткізіп те қаларсыз. Сіз үшін жаңа жыл кешінде көруге болатын фильмдер тізімін ұсынбақпыз.
Түйсік («Интуиция»)
«Тағдырдың жазғанынан қашып құтыла алмайсың» деп тегінде бекер айтпаса керек. Фильмнің басты кейіпкерлері Джон Кьюсак (Джонатан) және Кейт Бекинсейл (Сара) осы аталған сөздің шынайы екендгіні сынап көргілері келді. Аяқ астынан екеуі жаңа жыл кешінде танысып қалады. Джонатан өзінің номерін қағаз ақшаның бетіне жазса, Сара кітапқа жазып береді. Сюжет екеуі аталған заттарын айырбастап жібергеннен кейін шиеленіседі. Тағдыр өзінің ойынын көрсетеді.
Еңбек демалысын алмасу («Отпуск по обмену»)
Жаңа жыл кешінде мерекені тойлаушы кейіпкер Кейт Уинслет, Ұлыбританияның ауылдық жерінде тұратын тұрғын және Кэмерон Диаз америкалық қыз жарнама агенттігінің басшысы Калифорнияда тұратын екеуі екі жарты шарда тұрып үйлерін алмастырып өмір сүрмек болады. Бұл еңбек демалысы кезінде орын алады. Ал қызығы екеуі өздері күтпеген тағдырға жолығады.
Гарри Саллиді кездестіргенде («Когда Гарри встретил Салли»)
Аталған фильм әзілге толы ең романтикалық фильм ретінде танымалдыққа ие. Фильм ішінде драма да, комедия да тіпті аралас жанрлар тоғыспасын көре аласыз. Бәрі Гарридің жаңа жыл кешінде Саллиге ұсыныс білдіруінен басталады.
Нағыз махаббат («Реальная любовь»)
Жаңа жыл кешіне дейінгі және дәл сол кеш күні аяқ астынан туындайтын тосын жайттарға толы, нағыз махаббатты аңсағандарға арналған фильм.
Мәңгілік Рождество («Бесконечное Рождество»)
Кішкентай ғана кейіпкер іштей Жаңа жыл мерекесінің бітпегенін қалайды. Тілегі орындалып кететінін ешкім күтпейді. Қызығы мәңгі айналып келе беретін рожество кешінде болатын романтиканың көрінісі өз алдына бір хикая.
Сезімдеріңіз берік болсын! Жаңа жыл бақыт ала келсін!
М. Ақан