Жаңа жыл мерекесінде әртүрлі тілде құттықтау

Жаңа жыл мерекесінде әртүрлі тілде құттықтау
Фото: gbtn.ru

Жаңа жыл да бірер күннен соң есік қаққалы тұр. Бұл біріміз үшін жай ғана отбасымен бірге өткізетін мереке болса, біріміз үшін жаңа жетістіктер мен жаңа өмірдің қақпасы. Не дегенмен де әр мерекені өз деңгейінде атап өткен дұрыс. Сонымен бірге орайлы сәтті пайдаланып, жақындарымызға жақсылық тілеп үлгерген де жақсы. Жаттанды тілектерден жалықсаңыз, достарыңыз бен туыстарыңызды өзге тілде тілек айтып таңдандырып көріңіз.

Ағылшын тілі
May this holiday season brighten you up with peace, joy and good cheer! Merry Christmas and Happy New Year! – Осы мереке бойыңызды қуаныш пен шатыққа, жайлылыққа толтырсын. Рождество және Жаңа жыл құтты болсын!

Фин тілі
Hyvaa Joulua ja Onnellista Uutta Vuotta! – Рождество және Жаңа жыл құтты болсын!

 

Испан тілі
iFeliz Navidad y próspero Año nuevo! Y que el Año Nuevo os traiga mucha felicidad – Рождество, Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін.

Француз тілі
Bonne annee! Que la paix et la joie soinet avec vous tous les jours de I’Année Nouvelle! – Жаңа жылыңызбен! Жаңа жылдың әр күнінде бейбітшілік пен қуаныш сізбен бірге болғай!

Италия тілі
Buon Natale e Felice Anno Nuovo! Vi auguriamo amore e prosperità! – Рождество құтты болсын, Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін! Махаббат және амандық тілеймін!

Поляк тілі
Wesołych Świąt! – Мереке көңілді өтсін!

Неміс тілі
Frohe Weihnachten und ein glückliches Neues Jahr! – Рождество көңілді, Жаңа жыл бақытты өтсін!

Португал тілі
Feliz Ano Novo! Que este seja um ano repleto de saúde, amor, sucesso e prosperidade! – Жаңа жылыңызбен! Сізге денсаулық, махаббат, жетістік, гүлдену әкелсін!

@. @assel_assanova