Әлемнің көптеген елі жаңа жылды асыға күтетіні белгілі. Үлкендер ерекше дайындалып, түрлі-түрлі қызықтар ұйымдастырады. Ал, кішкентай бүлдіршіндер аяз атаға армандарын хат арқылы жазып, ата-анасынан беріп жібереді. Баланың қиялын бұзбас үшін ересектер де рөлге еніп кетеді. Әрине, әр елдің тілі әртүрлі болғандықтан аяз атаның да атауы түрліше қолданылады. Сонымен өзге жұрт оны қалай атайды екен?