Аяз атаны шетелде қалай атайды?

Аяз атаны шетелде қалай атайды?
Фото: gbtn.ru

Әлемнің көптеген елі жаңа жылды асыға күтетіні белгілі. Үлкендер ерекше дайындалып, түрлі-түрлі қызықтар ұйымдастырады. Ал, кішкентай бүлдіршіндер аяз атаға армандарын хат арқылы жазып, ата-анасынан беріп жібереді. Баланың қиялын бұзбас үшін ересектер де рөлге еніп кетеді. Әрине, әр елдің тілі әртүрлі болғандықтан аяз атаның да атауы түрліше қолданылады. Сонымен өзге жұрт оны қалай атайды екен?

АҚШ елінде Санта-Клаус (Santa-Clause) деп аталады.

Маңғолияда Увлин увгун деп атайды. 

Италия жұртшылығы Баббо-Натале дейді. 

Ал мынау Беларус елінің Зюзя есімді аяз атасы.

Француз халқы Пере Ноель деп атайды. 

Армения халқы Дзмер папи деп атайды.

Нидерландия халқы Синтерклаас деп атайды. 

Көршілес Қытай халхы Шань Дань Лаожен дейді. 

B. ZHAQSYMBET