- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2017
- Әлемдегі ең әдемі...
Әлемдегі ең әдемі 13 шырша
Шырша барлық мемлекетте де Жаңа жылдың негізгі символикалық белгісі, нышаны болып табылады. Вьетнам елінде Жаңа жылдың негізгі белгісі мандарин ағашы саналады, дегенмен ол да ағашқа жатады емес пе?! Қала көшелерінде шыршалардың сәнденуі Жаңа Мерекенің жақындап қалғандығынан хабар беріп, жұртшылықты қуанышқа бөлейді. Қаланың бас шыршасы, тіпті, мемлекеттің бас шыршасы тағайындалып, оған ерекше көңіл бөлінеді.
Шыршаның өзі де табиғаттағы жаратылысы тамаша ағаштардың бірі болғандықтан мәңгіліктің, жасарудың символына айналған. Адамзаттың ерекше ықыласына ие болған. Оның сұлулығы мен сұңғақтығы кез келген адамды селқос қалдыра қоймайды. Сонымен, 2017-Жаңа жыл Мерекесіне арнап әлем мемлекеттері қандай шыршаның ерекше үлгілерін тағайындаған екен, соған назар аударайық.
Раквере, Эстония
Қаланың орталығында нағыз өнер туындысы – бояу қанық инсталляция орналасқан. Сыртқы келбеті ғана шыршаның сұлбасына ұқсайтын конструкция терезе жақтауларынан құрастырылған.
Рио-де-Жанейро, Бразилия
Бразилиядағы бұл бас мерекелік шырша – әлемдегі ең биік су бетіндегі шырша. Оның биіктігі – 85 метр. Жылжымалы көпір үстінде орналасқан бұл алып шыршаны қала тұрғындары кез келген жерден көре алады. Шыршада 3 млн. жуық жарық шамы орналастырылған.
Лиссабон, Португалия
Росиу алаңы – Лиссабон қаласының танымал орындарының бірі. Бұған дейін бұл алаңда коррида ұйымдастырылып, ипподром құрылысы тұрғызылған. Ал қазіргі уақытта Росиу алаңында мөлдір кристалдардан кестеленген мерекелік шырша маңғазданып тұр.
Париж, Франция
«Галерея Лафайет» – француз дүкендерінің орталығы. Әр Рождество сайын бұл мекемеде 21 метрлік мерекелік шырша орналастырылады. Шырша жыл сайын әртүрлі түске безендендіреді, дизайн ерекшеліктері ешқашан қайталанған емес.
Богота, Колумбия
Симон Боливар саябағында орналасқан бұл рождестволық шыршаның ерекшелігі конус пішінді үлгіде жасалуы болып отыр.
Мадрид, Испания
Испания астанасының орталық алаңы Пуэрта-дель-Соль деп аталады. Бұл алаңда жыл сайын 35 метрлік шыршаның үлгісі жасалады.
Вильнюс, Литва
Вильнюс қаласының орталық алаңында орналасқан бұл шырша үлкен өнегелік үлгіні, тәлімді насихаттап тұрғандай: «Жаңа жыл – отбасылық мереке» деген жасырын ой жатыр.
Тбилиси, Грузия
Тбилиси алаңында құлыбы құрыштай құйылған Ұлы Георгий мүсінінің іргетасын безендіріліп жасалған бұл шырша әлемдегі бірден-бір ерекше дизайнды шырша болып табылады.
Аляска, АҚШ
Солтүстік Америка тұрғындары 1976 жылдан бастап Жаңа жылды тойлауда алкогольді сусындарды қолданбауға уәделескен.
Сиань, Қытай
Қытайда да жыл өткен сайын Валентин мен Хэллоуин мерекесі тәрізді Рождество мерекесі де кеңінен тойланатын болды. Ал Қытайдағы бұл шырша қытай халқының құлшылық етуші ғибадатханаларының үлгісіне ұқсайды.
Сингапур
Сингупардің орхидея саябағында орналасқан пішіні конусқа ұқсайтын, ал биіктігі 20 метрге жететін бұл шырша 28 мыңға жуық кристалмен сәнделген.
Краков, Польша
Краков қаласындағы шырша Ярмар алаңында орналасқан.
Тайбэй, Қытай
Шыныдан жасалған шыршаның биіктігі – 36 метр. Шыны электронды жарық қондырғыларымен жарықтандырылғандықтан, экранынан 3D-шоу таратуға болады. Оның ішінде жас көрермендер үшін анимациялық фильмдер мен мультфильмдер көрсетіледі.
М. Ақан