Тест: "Болашақ жігітіңіз қандай болады?"

Тест: "Болашақ жігітіңіз қандай болады?"
Фото: Дамир Кужумов

Бала күнімізде анамыздың рөлін сомдап, қуыршақ ойнайтынымыз есіңізде ме? Алайда, ол күндер артта қалып, өмірге деген көзқарасымыз да өзгерген. Бірі – тұрмысқа шығып, аяулы жар, ардақты ана болғысы келсе, екіншілері – балалықпен қоштасқысы келмейді. Ал сіз ше? Бұлардың қайсысына жатасыз?

1. Көп қыздың арманы болып жүрген жігіттің өзіңізге қарайлап жүргенін байқадыңыз. Сіз не істейсіз?

А) Қарайлағаны еш нәрсені білдірмейді. Егер мен оған шын мәнінде ұнатсам, ол менімен танысудың жолын табады - 1

Ә) Жанына жақындауға тырысамын, өзіме қараған сайын күлімсіреймін - 2

Б) Кездейсоқ болып көрінетіндей жолығамын. Жолым болмай жатса, өзім бірінші болып сөз бастаймын - 3

2. Сіздің балаңыз болған кезде …

А) Мен ана болуға дайынмын - 2

Ә) Қашан ана болатыным белгісіз, әзірге бұл туралы ойламадым - 3

Б) Нағыз бақытты жандардың бірі боламын. Себебі, баласыз отбасы болмайды -1

3. Сіздің сүйіктіңіз бар. Бірақ ескі досыңыз киноға шақырды. Барасыз ба?

А) Әрине, барамын. Ол менің досым ғой - 3

Ә) Жоқ. Бұл – дұрыс емес. Менің жігітім дәл осылай жасаған болса, мен ашуланатын едім - 1

Б) Фильмнің қандай болатынына байланысты жауап қайтарамын - 2

4. Құрбыңызды оның сүйіктісі тастап кетті. Оған қандай кеңес бересіз?

А) Қонаққа шақырып, оның мұңын сөзін бөлместен тыңдаймын. Оның міндетті түрде қайтып оралатындығын айтып жұбатамын - 2

Ә) Оны тыңдап, тынышталдыруға тырысамын. Шын ғашықтар қандай жағдай болмасын, қосылатындығын айтамын. Егер қосылмаса, бұл жігіттің оған лайық болмағаны - 1

Б) Өзге құрбыларымызды шақырып, комедиялық фильмдер көреміз. Артынша оны жақсы досыммен таныстырамын - 3

5. Сіз бейтаныс адамдардың бір сәтте ғашық болуы мүмкін екендігіне сенесіз бе?

А) Жоқ, сенбеймін. Бұл – ұнату болуы мүмкін, бірақ махаббат емес - 1

Ә) Әрине, сенемін. Бұл – нағыз романтика. Өзімнің басымнан бірнеше рет өткен - 3

Б) Сенгім-ақ келеді. Бірақ әзірге өзім ғашық болып көрген жоқпын - 2

6. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз өте жақсы. Бір-біріңізді сөзсіз түсінесіздер. Алайда оның ата-анасы бірге болуларыңызға қарсы.

А) Ешқандай әрекет жасамаймын. Өйткені, оған үйленетін ойым жоқ. Ал ата-анасы алаңдамаса да болады - 3

Ә) Анасына ұнамасам да, бастысы – баласына ұнаймын - 2

Б) Не себепті ұнамайтындығымды анықтауға тырысамын. Себебі келін енені әрдайым сыйлап, айтқанын тыңдау керек. Және ол кісі мені еш себепсіз жек көрмейді деп ойлаймын - 1

7. Жігіттердің қандай қасиетін бағалайсыз?

А) Мейірімділік, ақыл, ақша - 2

Ә) Балаларға деген махаббат, адалдық - 1

Б) Қалжыңдай білу қасиетін ерекше бағалаймын - 3

8. Жігітіңіз екеуіңіз болашақ балаларыңыз туралы сөйлестіңіздер...

А) Бірден олардың есімдерін қойып жібереміз - 1

Ә) Барлық материалдық жағдайымызды ретке келтіріп алған соң балалы болғанымыз дұрыс деп есептейміз - 2

Б) Бала үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен екеуіміздің сәби жөргегін ауыстырып, қалай сүт беріп жүргенімізді елестете алмаймын. Оның орнына бірнеше тіл үйреніп, өзге елдерге саяхаттап алғанымыз жөн секілді - 3

9. Жігітіңізге шетелде оқуға ұсыныс түсті. Сіз...

А) Тамаша! Мен де мұндай мүмкіндікті жібермес едім - 3

Ә) Мұңаямын. Көзден алыстаған соң көңілден алыстайтыны анық - 2

Б) Әр нәрсенің шегі бар. Оқуын бітіріп келгенше күтемін. Күнделікті әлеуметтік желіде сөйлесеміз - 1

Жауабы:

№1 жауабы көп болған жағдайда: Мәңгілік әрі шынайы

Құрбыларыңыз жаңа жігітпен танысып, кездесуге барғандығын айтып жатқан кезде, сіз олардың шынайы махаббатты күту мүмкіндігін жіберіп алғандығына жаныңыз ашиды. Сіз ертегілердегідей мәңгілік әрі шынайы махаббаттың болатындығына сенесіз. Барлығында болмаса да, көптің бірінде болатыны анық. Көп досыңыз бұл әрекетіңізге күледі. Күлсе, күле берсін. Ең бастысы – сіз дұрыс таңдау жасадыңыз.

№2 жауабы көп болған жағдайда: Ғажайыпты күту

Сұңғақ бойлы, өзі көрікті, мейірімді жігітті қай қыз армандамайды? Ал онымен бірге ұзақ ғұмыр кешуді ше? Барлығы армандайтыны анық, десе де бұл бақыт көпке бұйыра бермейді. Ерте ме, кеш пе жолығар деп үміттенеді. Мұнымен қатар, дәл ондай адамның жолықпауы мүмкін екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, балалық шақтың көлеңкесінде қалып қалмай өмірлік жарыңызды таңдауыңыз керек. 

№3 жауабы көп болған жағдайда: Қызықтардың соңында

Сезім, махаббат атаулысы сіз үшін эмоция мен романтика деп түсініледі. Ғашығыңызды жолықтырған кезде ең бақытты шақтарды бастан өткергендей боласыз. Бір жылдан кейін, бір айдан кейін не болатындығы туралы ойланбайсыз. Дәл қазір талантты, жас шағыңызда көп нәрсені жіберіп алғыңыз келмейді. Болашақ жарды қажет етпейтіндіктен, оның қандай болатындығын білмейсіз. Уақытты жөнсіз дүниелерге құртпай шетелде білім алып, әлемді аралап, мансап жолында табысқа жеткіңіз келеді. 

Аяулы оқырманымыз, сіздің нәтижеңіз қандай болды?

Қ. Бүйенбай