- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Сыйлық сатып алуға...
Сыйлық сатып алуға ақша жетпесе
Жаңа жыл мейрамын өзімізше ерекше етіп атап өткізгіміз келеді. Жақындарымызға сыйлық жасап, ұмытылмас естелік қалдырғымыз келері сөзсіз. Дегенмен, қалтамыз жұқалау болса, не істеуге болады? Бұл сұраққа жауап іздеп көрейік.
Егер сіз сыйлық сыйлайтын адамыңыз тәттіге құмар болса, тәтті шоколадтармен, мандариндермен немесе өзіңіз пісірген тәтті бәлішпен көмкерілген себет сыйлаңыз.
Ақшамыз аз болса, қолдан мынадай естелік сыйлықтар жасауға болады. Ол үшін сізге шырша бүршігі мен жасыл түсті бояу, жылтырақтар керек. Суреттегідей етіп, әдемі сыйлық жасап берсеңіз, жақыныңыздың тың идеялы сыйлыққа қуанары сөзсіз. Ол өзіне арнаған уақытыңыз бен өнеріңізді бағалары анық.
Қарапайым қорапты әдемі қағаздармен сәндеп безендіріп, оның ішіне түрлі түсті парақшаға әр аптаға арнап тілектер жазыңыз. Досыңыз сіздің тілекші екеніңізді біліп жүретін болады.
Досыңызға хош иісті сыйлық сыйлағыңыз келе ме? Оның шыршасына өз таңбаңызды қалдыруға мүмкіндігіңіз бар. Бұл үшін тек апельсиннің немесе мандариннің қабығы, қайшы және жіп керек. Мына суреттегідей етіп жасап, досыңызға ерекше сый тарту етіңіз.
Ал сіз ақшаңыз аз болса, не істейсіз?
Г. Берік