- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Мешін жылы туған...
Мешін жылы туған жандардың мінезі қандай?
Мешін жылы дүниеге келген адам үшін өмір үлкен ойынмен тең. Ол өте пысық, барлығын жылдам түсінеді, тек өзінің ережелерімен ойнайды. Сырт көзге жеңілтек болып көрінгенмен, барлығына мән беріп, ісіне жауапкершілікпен қарайды.
Көпшіліктің көзайымына айналғанды жақсы көреді. Жұрт айтқан әңгімесі мен әзілін аузын ашып отырып тыңдайды. Өзі кекетіп, мұқатып жүретін достары да көп. Алайда кейде артық кетіп қалатын тұстары да болады.
Мешін жылы туған жандардың мақсаты мен түпкі ойын көп адам біле бермейді. Алғашында оның пікірі ойға сыймайтын әңгімейдей болып көрінуі мүмкін. Шындығында олай емес. Жылдам ойлау қабілетінің арқасында кез келген ақпаратты тез қабылдайды.
Айналасындағы адамдарды жіті бақылап, олар туралы ақпарат жинағанды жақсы көреді. Осылайша билікті қолына алады.
Қызмет пен жұмыс мәселесіне келсек, маймылдарға шыдамдылық пен табандылық сынды қасиеттер жетіспейді. Шоу-бизнес, журналистика, саясат сынды салаларда жұмыс істегенді ұнатады.
Қ. Бүйенбай