- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңажылдық мәзір: Шырша...
Жаңажылдық мәзір: Шырша торты
Жаңажылдық торт — дастарханның негізгі тағамдарының бірі. Оның ерекше болуы өз қолыңызда. Бүгінгі материалымызда шырша тортын дайындаудың жолын көрсетеміз.
Қажетті азық-түліктер:
- 2 жұмыртқа;
- 1 стақан қант;
- 300 гр айран;
- 2 ас қасық өсімдік майы;
- 2-3 ас қасық какао;
- 1 шай қасық ас содасы;
- 2 стақан ұн;
- 200 гр шоколад;
- 2 ас қасық кілегей майы;
- жеміс-жидектер.
1. Ыдысқа 2 жұмыртқаны саламыз.
2. Жұмыртқаны миксермен араластырамыз.
3. Қантты саламыз.
4. Жұмыртқаны және қантты миксермен 5-7 минут шамасында араластырамыз.
5. Айран құямыз.
6. Өсімдік майын құямыз.
7. Какао және ас содасын саламыз.
8. Алдымен, 1 стақан ұнды саламыз.
9. Барлығын араластырып аламыз.
10. Қалған екінші стақан ұнды саламыз.
11. Жақсылап араластырамыз.
12. Торт пісіруге арналған ыдысты майлап аламыз.
13. Ыдысқа дайын қамырымызды құямыз. 160 градуста қызып тұрған пеште 45 минут шамасында пісіреміз.
14. Бисквиттеріміз пісті. Толықтай суығанша күтеміз.
15. Ортасы көтеріліп кеткендіктен, тегістеп кесіп жіберемін.
16. Тегістеп кескен жағымызды астына қаратып қоямыз.
17. Шоколадқа кілегей майын саламыз.
18. Шоколадты микротолқынды пешке 30 секундқа қойып, ерітіп аламыз.
19. Ерітілген шоколадты бисквиттің үстіне жағып шығамыз.
20. Торттың бетін жемістермен безендіруге болады.
21. Шырша торты дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова