- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңажылдық мәзір: Мешін...
Жаңажылдық мәзір: Мешін салаты
Фото:
massaget.kz
Назарларыңызға Жаңа жыл мерекесіне арналған мәзір ұсынамыз. Оны әзірлеу үшін бізге:
- 500 г тауық еті;
- 4 жұмыртқа;
- 100 г ірімшік;
- 2 картоп;
- 2 ас қасық консервіленген жүгері;
- 4-5 ас қасық майонез;
- тұз қажет.
Қайнатылған картоптан мешіннің пішінін жасаңыз.
Аздап майонез жағып, қайнатылған тауық етін үстіне қойып шығасыз.
Үстіне майонез жағасыз.
Үккіштен өткізілген ірімшікті себесіз
Үстіне майонез жағасыз.
Жұмыртқаның ағын үккіштен өткізіп, үстіне сеуіп шығасыз.
Консервіленген жүгерімен мешіннің көзі мен мұрын айналасын қоршап, өз қиялыңызбен бет пішінін жасаңыз.
Дайын болған «Мешін» салатын тоңазытқышқа жарты сағат қойып, жаңа жылдық дастарханға қойсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Н. Үсенова