- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңа жылды тойламайтын...
Жаңа жылды тойламайтын ел
Жаңа жылды барлық ел бірдей тойлай бермейді. Мәселен, Израильде жылдың басы әдеттегідей жұмыс күндері. 31 желтоқсан мен 1 қаңтарды мерекелік күндер ету үшін израильдықтар арнайы флешмоб та ұйымдастырады. Дегенмен күнтізбелік жылдың басталуын мереке деп тұтатын 2 миллион израильдық жаңажылдық түннен кейін жұмысқа шығуға мәжбүр.
Эмануэль Арон үшін 1 қаңтар күні жұмысқа шығу мұңға айналған. Себебі Жаңа жылды мереке деп есептемейтін Израильде халық дастархан жайып, отбасымен қарсы алады. Бұл мен үшін басты оқиға, айтулы күндердің бірі дейді ол.
Эмануэль Арон, Тель-Авив тұрғыны: − Әдетте мен Жаңа жылды отбасыммен бірге қарсы алып, тойлаймын. Өзім жаңажылдық мерекені қатты ұнатамын. Израиль демократиялық ел болғандықтан, 1 қаңтарды демалыс күні етіп жариялағаны дұрыс болар еді. Жаңа жылды қарсы алып, тойлағаннан кейінгі күні жұмысқа шығу өте ауыр.
Израильде Жаңа жылды негізінен ТМД елдерінен келгендер тойлайды. Олар көп жыл бойы 31 желтоқсан мен 1 қаңтарды демалыс ету үшін күресіп келеді, бірақ нәтижесіз. Ескі жылдың соңғы күні мен жаңа жылдың алғашқы күні Израильде күнделікті тіршілікпен өтеді. Балалар мектепке барса, олардың ата-анасы жұмыстарына кетеді.
Евгений Гасин, тарихшы: − Израильдықтардың басым көпшілігі Жаңа жылдың мәнін түсінбейді. Оларға Кеңес үкіметінде тойланып келген жаңажылдық мерекенің дінге еш қатысы жоқтығын түсіндіру қиын. Кеңес үкіметі кезінде Жаңа жыл діни нанымдарға қарамастан, барша халық тойлаған дінге де, саясатқа да қатысы жоқ жалғыз мереке болған. Соны басқа халықтар енді ғана түсіне бастаған секілді. Кейде жылдың басталуын Әулие Сильвестрмен де байланыстыратындар аз емес. Дегенмен Жаңа жылдың Әулие Клаусқа да қатысы жоқ екенін және Аяз Атаның ешбір дінге қатысы жоқ екенін түсінген секілді.
Биылғы жаңажалдық күреске Кнессет депутаты Ксения Светлова да қосылды. Facebook-тағы парақшасында ол «Мен Жаңа жылды қарсы аламын» деген айдармен флешмоб ұйымдастырды. Мыңдаған адам жаңажылдық суреттерін жолдап, шараны қолдады.
Ксения Светлова, Израильдің Кнессет депутаты: − Ұйымдастырған флешмоб түрлі деңгейде қолдау тапқаны мені қатты қуантты. Facebook-тағы парақшама кірген адамдар Жаңа жылды тойлау үстінде түскен фотоларын маған жіберді. Көптеген адам өз ықыласын білдірді. Кнессетегілер де фотоға түсіп, бұл мерекеден хабарсыз болса да, КСРО еврейлері оны қалай тойлағанын естіп, қуана қосылатындарын айтты.
Бүкіл жаһан мерекені дүркіретіп тойлауға дайындалып, сауда жасап жүрсе, Израиль дүкендері тым-тырыс. Жанталас пен қарбалас сезілмейді. Ал сауда орындарында тірі шырша емес, кипарис пен жасанды шырша ғана сатылады.
Александр Коменко, сатушы: − Соңғы жылдары шыршаға сұраныс өскен. Себебі жергілікті израильдықтар да бірте-бірте Жаңа жылды тойлай бастады. Тіпті тірі шыршалар да сатылатын болды. Дегенмен елімізде ағаштарды, шыршаларды кесуге қатаң тыйым салынған.
Жалпы еврейлердің салт-дәстүрі бойынша Жаңа жыл немесе Рош Ха-Шана күзде келеді. Бірақ оны да бар сән-салтанатпен тойлайтын халық көрінбейді. Сондықтан жергілікті раввиндер мерекеге орай қала көшелерін безендіруге рұқсат бермейді. Алайда Жаңа жылды қарсы алам деушілерге ешкім тыйым салмасы анық. Сондықтан 2 миллиондай израильдықтар 31 желтоқсан күні сағат 12-де ізгі тілектерін білдіріп, бір-бірін құттықтайды.
Дереккөз: 24.kz