- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2016
- Жаңа жылды қай...
Жаңа жылды қай елде қарсы алу арзанға түседі
Жаңа жылды қарсы алуда ең көп шығын жұмсайтын қала − Дубай. Travelex компаниясы зерттеу нәтижесінде осындай қорытынды шығарды. Дубайда Жаңа жыл кешін өткізуге орташа есеппен 1635 дирхем (445 доллар) қаражат керек екен.
Travelex мамандары бір адамның мерекелік дастарқаны, шампан шөлмегі және түнгі клуб пен сыра пинтасы құнын есептепті. Елге ұшып келу және қонақ үйде болу ақысы сомаға қосылмаған.
Екінші орында − Нью-Йорк. Бұл қалада саяхатшы 426 долларын шығындайды. Ал Париж 312 доллармен үштік қатарын толықтырып тұр. Берлин мен Амстердам қалалары бестікке кірді. Ал ең арзан қала − Эдинбург. Мұнда Жаңа жылды қарсы алу үшін 195 долларыңыз болса жеткілікті.
Айырбас бағамында БАӘ дирхемі жоғары болғандықтан, әр елдегі баға айырмашылығы жер мен көктей. Дирхем бағамы АҚШ долларына байланысты. 2014 жылы желтоқсанмен салыстырғанда дирхем бағамының австралиялық долларға қатынасы 15 пайызға жоғарылағаны айтылады.
14 желтоқсанда Дубай қаласы World Travel Awards тұжырымы бойынша 2015 жылдың үздік туризм бағыты болып танылды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін