Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Егіздер

Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Егіздер
Фото: you-journal.ru

Көпшіл болып келетін егіздер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Кез келген тақырыпта әңгіме өрбіте алатын олар көмек сұраған жанға қол ұшын созып, сөзімен де демеу көрсете біледі. Олар тез шешім қабылдайды, әр істе тәжірибиесі мол. Егіздер еркіндікті жақсы көреді. Өзгеге қарағанда, өздеріне көбірек сенеді.

Келер жылдан не күтеміз?

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, сіз көп нәрсені бағалай алмайсыз. Егер уақытында әр нәрсенің қадіріне жете білсеңіз, барлығы өз орнында қалмақ. Келер жылда өміріңізде біршама өзгеріс орын алады. Жұмыс барысында жетістіктер шыңын бағындырып, тасыңыз өрге жылжиды. Алайда достарыңызға шындықты айтамын деп, көңілдеріне қаяу салып жүресіз. Сол себепті мінезіңіздегі кейбір олқылықтарды түзегеніңіз абзал.

Махаббат

Махабатқа салмақты қарағаныңыз жөн. Себебі араласатын ортаңыз ауқымды. Адамдармен тез тіл табысып кететіндіктен те, көптің көңілі алдымен сізге ауады. Таңдау жасамас бұрын "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақылды естен шығармаған жөн.

Ақша мәселесі

Егіздер ақша мәселесіне жеңіл қарайды. Алайда ақшаны үнемдеуге бейім. Осы жылы барлық жағынан жолыңыз болады, ақша мәселесінде көп қиындық туындамайды. Ақшаны сақтағанға қарағанда, тиімді жеріне жұмсағаныңыз дұрыс. Себебі бұл жыл сіз үшін өте сәтті болмақ. Жаңа жобаларға жол ашылып, қарбалас жұмысқа қым-қуыт араласып кетесіз.

Қызмет

Өзіңізге есеп беріп үйреніңіз. Қызметтегі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мансап жолыңызда үлкен рөл ойнайды, яғни қызметте көтеріле аласыз. Жылдың екінші жартысында жеке өміріңізде өзгерістер болады. Жаңа жұмыс орнына ауысуыңыз да ғажап емес. Бос уақытыңыз жиі бола бермейді. Сол себепті уақытыңызды тиімді пайдалануға кеңес береміз. Бір орында қозғалыссыз тұрып қалмаңыз. Басқалар өрлеп кеткенде, сіз құлдырадыңыз деген сөз. Қызметте төзімді, мықты бола біліңіз.

Денсаулық

Егіздер денсаулығына көп көңіл бөлгені жөн. Оның ішінде алдымен тамақтану тәртібінен бастағаны дұрыс. Себебі егіздердің ең әлсіз тұсы – асқазан мен бүйрек. Асқазаныңызды құртып алмау үшін дұрыс тамақтана біліңіз. Құрамында дәрумені мол, ағзаға пайдалы өнімдерді көп тұтыныңыз. Сіз жұмысыңызға үлкен жауапкершілікпен қарайтын жансыз. Алайда демалыссыз жұмыс сізді қажытып, жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Сол себепті ең басты орынға денсаулықты қойғаныңыз жөн.

Н. Үсенова