Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Бикеш

Келер жылға үлкен үміт артқан Бикештер мақсатқа жету үшін нар тәуекелге баруы мүмкін. Несие, алым-берім деген секілді қаржылық мәселелер оңтайланып шешілуі де ғажап емес. Алаяқтардан алыс жүрген абзал. Олар "қой терісін жамылып жүрген" болуы керек.

Келер жылдан не күтеді? 

Бикештер үшін 2016 жыл өз мүмкіндіктерін дәлелдейтін жыл. Ірі жобаларды іске асырып, рухани әрі зияткерлік танымын кеңейте алады. Кейбір Бикештер үшін жұмыс барысында таныс адамдар болашақта өмірлік серігіне айналуы мүмкін.

Ақша мәселесі

Физикалық, эмоционалдық, психологиялық ахуалыңыз бұл жылы бір ағыста болады. Жанұяға көп көңіл бөліп, туғандарға қолқанат болуыңыз керек. Үйдегі жауапкершілік сізге артылып, жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді сізге шешуге тура келеді. Жауапкершіліктің салмағы сізге үлкен ауыртпалық туғызуы мүмкін. Келер жыл Бикештер үшін өткен қателіктерді түзеп, мәселелерді шешуге оңтайлы жыл болмақ. Ақша мәселесімен ешкімге тәуелді болмас үшін үнемдеген дұрыс. Алаяқтардан сақ болу керек.

Махаббат

Махаббатта Бикештердің жолы ашылады. Алғашқы жартыжылдық ғашық Бикештер үшін керемет шақ болмақ. Барлық кикілжің ашық әрі еркін сөйлескенде ғана шешілетінін есте ұстаған жөн. Ал екінші жартыжылдықта Бикештердің махаббаттары сыналуы мүмкін. Жұбы табылған Бикештер үшін де, жұбын іздеп жүрген Бикештер үшін де бұл жыл сезімге толы болмақ.

Қызмет

Бұл жылы Бикештердің қызметі, жұмысқа деген ниеті арта түсіп, мақсатқа жетуге асығады. Бәріне үлгеріп, ептілік танытып, жоспарларын орындап жүреді. Жыл басында құрылған жоспар жыл соңына дейін орындалады, әрине, еңбек еткенде ғана. 

Денсаулық

Күйзелістен қашу керек. Себебі күйзеліс олардың денсаулығына, жүйке жүйесіне, психологиясына әсер етеді. Қызметтегі, жанұядағы барлық мәселені оңай шешсе, денсаулығы да бірқалыпты болары сөзсіз.