Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Торпақ
Фото: you-journal.ru

Торпақтар өз ісіне мың толғанып кірісіп, соңына дейін шыдамы жетіп аяқтай алатын жандар. Олар үшін жұмыстың тұрақтылығы мен еркіндіктің маңызы жоғары. Өзгелермен жылдам тіл табыса білгенмен, істе жайбарақат қимылдайды.

Бұл жұлдызда дүниеге келгендердің сұлулыққа жаны құмар. Өнер мен қолдан жасалған бұйымдарды жоғары бағалайды. Жауапкершілікті бірінші орынға қоятын торпақтар айналасының сұлу болғанын қалап қана қоймай, өзгеруіне де септігін тигізіп жүреді.

Келер жылдан не күтеміз?

Жұлдызжорамал бойынша торпақтарға 2016 жыл - жағымды жаңалықтар мен тосын сыйларға толы болмақ. Сондай-ақ, торпақтарды қиын сындар да күтіп тұр. Олар үшін күйзеліске ұшырамай, шыдамдылық таныта білу маңызды. Сондықтан да алдағы жылы торпақтардың басты қаруы – шыдамдылық пен сабыр болуы тиіс.

2016 жыл – торпақтар үшін саяхатқа қолайлы жыл болмақ. Әсіресе жылдың алғашқы жартысындағы жолсапарлар ерекше көңіл-күй мен қуаныш сыйлайды.

Махаббат

Шаңырақ көтерген торпақтар үшін 2016 жылы көптеген мәселелердің түйіні оңай шешіледі. Бастысы – сүйген жарыңызға қасарыспағаныңыз абзал. Ал өмірлік серігін кездестірмеген торпақтар үшін бұл жылы жүрек түкпіріндегі сезімге бір ауық ерік беріп, сүйгеніне ғашық сырын айтуға таптырмас уақыттың сәті жетті.  

Ақша мәселесі

Торпақтар бірінші кезекте материалдық жағдайын ойлайды. Сондықтан да торпақтар үшін 2016 жылы шығысты азайтқан маңызды. Әсіресе жылдың алғашқы 4 айында ақшаны шашпағандары абзал. Ал жыл соңына қарай күтпеген тосынсый болуы мүмкін. Сондай-ақ, 2016 жылы торпақтарға ірі жобаларды қолға алып, тасын өрге домалатудың сәті келіп тұр.

Қызмет

Торпақтар өз қызметіне көңілі тоятын жандар. Жыл басында жаңа қызмет ұсынса да, олар бас тартуы мүмкін. Себебі олар өз кәсібінің нағыз шебері болуды қалайды. Жыл басында қойған мақсаттарын торпақтар жыл соңына дейін толықтай орындай алады. Ол үшін әзірден жоспарларыңызды дайындап, нақты мақсаттарыңызды ой елегінен өткізе беріңіздер.

Денсаулық

Торпақтар денсаулығына баса мән береді. Десе де жыл басында көңіл-күйіңіз құбылмалы болуы мүмкін. Битке өкпелеп, тоныңызды отқа жаға көрмеңіз. Уақытында тынығып, жұмысқа бар күш-жігеріңізді салып жүрмеңіз. Бауыр мен бүйрек ауруларынан сақтаныңыз. Сондай-ақ алкогольді ішімдіктерден аулақ болыңыз. Бұл ішімдіктер сіздің денсаулығыңызға айтарлықтай зиян келтіреді. Басты байлығыңызды бағалай біліңіз. 

О. Сансызбай