Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Сарышаян

Сіз әртүрлі шытырман оқиғадан жол тауып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетіне иесіз. Ал дәл күйзеліске түсіп, түсініспеушіліктер орын алған кезде өзіңіз білмейтін дарыныңызды сыртқа шығарып, мінезіңізді көрсете аласыз. Шаяндар қауіп төнген кезде артқа шегінбей, бірден қақтығысуға дайын тұрады. Олар мақсатын жүзеге асыру үшін кез келген әдісті қолдануға дайын. Сондай-ақ, экстремалды спорт түрлеріне қызығушылық танытады. 

Келер жылдан не күтеміз? 

Достарыңызбен көбірек араласуға мүмкіндік туады. Өзіңіздің біреуді сендіре алу қабілетіңіз бар екенін сезінесіз. Дегенмен әртүрлі келеңсіздіктен аулақ болуға тырысыңыз. Себебі шаян қоғамдағы бұрыс әрекеттерге ашумен қарайды. Достарыңызға барынша төзімді болуға тырысыңыз. 

Махаббат 

Жүректің түбінде назардан тыс қалған сезімдер оянады. Жыл басында махаббаттың алғашқы ләззаты сынды сезімдер қайта оралады. Ал жыл ортасына келіп, махаббат сынақтары жолыңызды кеспек. Қызғану, өзара түсініспеушілік болған кезде ашумен шешім қабылдамай, барынша төзіммен қарауға тырысыңыз. 

Ақша мәселесі 

Өткен жылдан қалып қойған барлық қарызыңыздан құтылыңыз. Несиеңіз болса, толығымен жауып тастаңыз. Қаржылық әл-ауқатыңызды көтеру мүмкіндігін беретін жаңа жобаларды бастаудан тартынбаңыз. Ал жыл ортасында біршама қиындық туындайды. Дегенмен өз күшіңізге сеніп, еңбек етуден тайынбасаңыз мәселенің барлығы оңай шешімін табатыны анық. 

Қызмет 

Шаяндарға 2016 жыл әртүрлі өзгеріс алып келеді. Жұмыс бабымен төмендеуіңіз, тіпті, жұмыстан шығып кетуі ықтималдығы жоғары. Дегенмен жағдайды бақылауға алып, оң шешімдерін таба аласыз. Бастысы тағдырдың соққыларына төтеп бере білу керек. 

Денсаулық 

Жыл басынан тауды арқалаған Толағайдай күшті сезіне бастайсыз. Оптимистік көзқарас денсаулықтың нығаюына да ықпал етеді. Тек салауатты өмір салтын ұстану арқылы қарапайым тұмауды болдырмауға болады.