Құрметті Аяз Ата!
Сізді келіп жеткен таңғажайып Мереке, Жаңа Жылыңызбен құттықтаймын! Сіздің уақытыңыз аз, ал жұмысыңыз көп болғандықтан хатымды қысқа етіп жазуға тырыстым:
Мен бұл жылы үлгілі оқушы, ұқыпты бала болдым. Анама әрқашан да көмектесуге тырыстым. Бір де бір өтінішін жерге қалдырмадым. Ал әкем кешке жұмыстан келген кезінде мен оған мектепте алған бағаларымды көрсетемін. Ол қатты қуанады. Өскен кезде де ата-анамды бақытты еткім келеді, Аяз ата. Өйткені мен оларды қатты жақсы көремін. Ал жатар кезде маған әжем ертегі айтып береді. Аяз Ата, сен туралы әжем көп нәрсе айтып берген маған. Егер үлгілі, ұқыпты бала болсаң, Аяз атадан сыйлық аласың дейді. Аяз Ата, маған сыйлық алып келші, өтінемін. Әрі ата-анама да, әжеме де сыйлықты ұмытпа! Рахмет!
Оқушы хаты
Құрметті оқырман, Аяз атаға жазар хатыңызды сіз де бізге жолдай аласыз. Асыға күтеміз!