Жаңа 2016 жылға санаулы күндер қалды. Жұрт ендігі мерекелік дастарханға не қоюға және қонақтарын немен таңғалдыруға болатынына бас қатыра бастады. Tengrinews.kz тілшілері елімізде жаңажылдық дастарқанға орта есеппен қанша қаражат қажет екенін есептеп көрді.
Жұрт бірінші кезекте азық-түлік сатып алудың шығыны мен бейнеті көп жұмыс екенін біледі. Шамамен мынадай тағамдар алса жеткілікті: асылған ет, көк-сөк (селедка под шубой), оливье және тоңба (холодец). Осы тағамдарды жасауға қажетті азық-түліктің орташа құны − 9065 теңге. Бұл − Алматыдағы ірі гипермаркеттер бағасымен сәйкес.
Сонымен қатар дастарханда корейше жасалған сәбіз салаты, туралған ет, торт, кәмпит, жеміс-жидек, шампан, сусындар. Оған 7450 теңге қажет.
Жаңа жылда кем дегенде төрт адамға жасайтын сыйлық бар. Оған қоса мерекелік көңіл-күйге отшашулар қажет − осы жағдайға 15 мың теңге жұмсалады. Нәтижесінде Жаңа жылды қарсы алуға 31 515 теңгеге шығындаласыз.
Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда биыл азық-түлік біршама қымбаттады. Нақтырақ айтсақ, ет, жұмыртқа, балық қымбат. Салыстырмалы түрде көкөніс пен сусындар арзандады. 2014 жылы жаңажылдық дастарқанға 30 050 теңге жеткілікті болған еді.
Дереккөз: tengrinews