«Қазпошта» АҚ «Аяз Атаға хат» науқаны бойынша хат қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды. Хаттардың бір бөлігі post.kz сайтының бетінде жарияланған.
Серіктестерден тұратын комиссия хаттарды өңдеп, сыйлықтар мен Аяз Атаның құттықтау хаты еліміздің өңірлеріне жіберілді. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген компания қызметкерлері, серіктестер және БАҚ өкілдері тапсырады.
«Биылғы жылы біз балалардан рекордты хат санын қабылдадық − 3752 хат. Сыйлықтардың көбі Жаңа жылға дейін таратылады, қалғандарын 13 қаңтар, Ескі Жаңа жылға дейін сыйлаймыз. Өкінішке орай хаттардың 257-сінде мекенжайлары көрсетілмеген, олар жауапсыз қалатын болды» − деп хабарлайды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.
Қазпоштамен бірге, серіктестер АҚ ЕБ «Хоум Кредит Банк», «Казахинстрах» АҚ, «СИНЭК», «Samsung Electronics», «Beeline Казахстан», «OYLA» журналы, «Alina Paint» және «Henkel», сонымен қатар өңірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері Жаңа жыл мерекесіне орай барлық облыс орталықтарының поштамттарында, және де Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының «Мега» сауда, ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктер орнатылды.
«Қазпошта» АҚ − пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.