«Массагет» порталының оқырмандары жылдың үздік спортшысын таңдады. Сауалнама қорытындысы бойынша кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік спортшысы ретінде танылды.
Сауалнама сайтта және «вконтакте» желісіндегі жеке парақшада жүргізілді. Нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі Геннадий Головкинді үздік спортшы ретінде таныды. Екінші сатыға Илья Ильин орналасса, сауалнама үштігін кәсіпқой боксшы Қанат Ислам түйіндеді.
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2015 жылы шаршы алаңда үш жекпе-жек өткізді. Алдымен 21 ақпанда Монте-Карлода ағылшын Мартин Мюррейді жеңсе, 16 мамырда Калифорнияда Вилли Монроны оңай жеңді. Ал 17 қазан күні канадалық Давид Лемьені нокаутқа түсіріп, өзінің 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар Лемьенің IBF (Халықаралық бокс федерациясы) чемпиондық белбеуін иеленді. GGG одан бөлек WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ассоциациясы) чемпиондық және WBC Interim (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) уақытша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Нәтижесінде әлем басылымдары да қазақстандық боксшыны жыл үздігі деп бағалп жатыр.