31 желтоқсан сайын қуанышына бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ерекше мерекелердің бірі - Жаңа жыл. Бала кездегі жылтыр мөшкеге салып беретін тәттілер мен мандариндері еріксіз еске түседі. Жаңа жылдың тағы бір есте қалар тұсы, ол әрине, отшашу. Елбасымыздың құттықтау сөзін бүкіл жанұямызбен тыңдап, сағат тілі тура он екіні көрсеткенде, далаға жарыса шығамыз. Отшашуларды бірінен соң бірін атып, көршілердің де отшашуларын тамашалаймыз. Ал, сіздер өзге елдердің отшашуларын көрдіңіздер ме? Ендеше, бұл топтамамыз әлемді таңқалдырған ең керемет отшашулар жайында сөз етеді.
1. Мерекелік отшашудың көшін 2014 жылғы Біріккен Араб Әмірлігі ұйымдастырған отшашу бастап тұр. Отшашу адамзат баласының төл дүниесі – Джумейр Пальмасы аралы жағалауының 100 километрін құраған. Ал жалпы ауданы 400 км-ді қамтыған. Бұл отшашуда 450 000 фейерверк алты минут атылған. Соңында Біріккен Араб Әмірлігінің түнгі аспанында елдің үлкен туын бейнелеген отшашулар атылды. Бұл отшашу Гиннесс рекордтар Кітабына енген. Алты минут атылған отшашу үшін алты миллион АҚШ доллары жұмсалған.
2. Сиднейде өтетін дәстүрлі жаңажылдық 10-12 минуттық отшашуды көруге миллиондаған адам жиналады екен. Әр жылда өзгеше түрге енетін музыкалық отшашудың ешкім білмейтін құпиясы бар. 2013 жылғы мерекелік отшашу "ең әдемі салют" атағын иемденген.
3. Одан кейін тағы да Біріккен Араб Әмірлігінің 2012 жылғы жаңажылдық отшашуын айтпасқа болмас. Биылғы отшашудан үш есе көп қаражатты қажет еткен бұл отшашу сол кездің өзінде де Гиннесс рекордтар Кітабына енген. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, олардың барлық отшашуы жарық, от, ауамен өтеді екен. Бұл отшашу үшін 20 000 000 АҚШ доллары жұмсалған.
5. Қытайда Жаңа жыл шығыс күнтізбесі бойынша қаңтардың аяғы, ақпанның басында ғана аталып өтеді. 2011 жылы Гонконгтегі отшашу әлемдік деңгейден көрінген. Виктория өзенінде төрт кеме бір уақытта түрлі-түсті үлкен көрсетілім жасауға ықпал жасаған. Жүз мыңдаған жымыңдаған от аспанда жарқылдап, су беті сан рет құбылды.
Сурет: st.gdefon.com