- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Шырша шамын кім...
Шырша шамын кім ойлап тапты?
Жаңа жылдың естен кетпес әсері Аяз Ата және сыйлықтар ғана емес, шыршаның түрлі-түсті жарық шамдарында да болады. Көздің жауһарын алатын жарқын түстер сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймай, есіңізде біраз уақытқа дейін қалады.
Жаңажылдық электрлі шамдар ХІХ ғасырдың соңына қарай ойлап табылған. Оған дейін шыршаға қағаздан жасалған жылтырақтар ілінген екен. XV-XVI ғасырларда Еуропада қарапайым май шамдар қолданыла бастаған. Әйткенмен де май шамдарға қатар қағаз жылтырақтарды ілу өрт шығу мүмкіндігінің көбеюіне алып келеді. Сондықтан адамдар шам секілді жарқын, бірақ қауіпсіз болатын нарсе жасауға тырысады.
Тарихшылар әзірге дейін май шамды лампаға ауыстыру идеясы кімнен шыққанын біле алмай дал. Томас Эдисон электрлі лампаны ойлап тапқаннан кейін, ол барлық салада қолданыла бастады. Америкалық ғалымдар ең алғашқы шырша шамын Эдисонның көмекшісі инженер Эдвард Джонсон ойлап тапқанын айтады. Ол 1882 жылы бірнеше лампаны бір бағытқа негіздеу арқылы, қазіргі электрлі шамдардың прототибін жасайды. Дегенмен идея қолдау таппай, сәтсіз аяқталады.
Басқа да деректерге сенсек, Жаңа Жылдың көркін ашатын электрлі шамды америкалық телефон компаниясының қызметкері Ральф Моррис жасаған. Байланыс тізгінін бақылап отырған Ральф 1895 жылы электрлі шамдарды Жаңа жыл шыршасына қолдануды ұсынады.
Көпке қызық өнертабыс ақырындап Еуропаға да жетеді. 1906 жылы алғашқы электрлі шамдар Финляндияның астанасындағы шыршаларды безендіреді. Кейіннен Азияны шарлап, бүкіл әлемде қолданысқа енеді.
Сурет: www.artleo.com
Ж. Өрісбай