Отшашудың қандай түрлері бар?

Отшашудың қандай түрлері бар?

Көбіміздің таным дүниемізде Жаңа Жыл «отшашу» деген стереотиппен қалыптасқан. Шынымен, мерекелік көңіл-күй, түрлі шар, қағаздан ойып жасалған қар, қызылды-жасылды шырақтар, бенгел шырағы, мандарин, отшашу – барлығы мерекенің бөлшектері. Қоғам дамыған сайын отшашулардың да түр-түрі шығып жатыр. Сағат тілі 12-ні көрсеткен соң, далаға таласа шығып, бәріміз бірге «салют атамыз». Ал осы біз, отшашулардың түрлерін ажырата аламыз ба?


1. Рим шырақтары. Қарапайым «салют» аталып жүрген отшашу. Ұзындығы - кішкене қысқа. От тигізіп, жоғары көтергенде, ауаға түрлі-түсті жалын шығарады. Кейде, ұшқындар атады.


2. Салют және салют батареясы. 200 метр биіктікке ұшатын қысқа зеңбірек тектес пиротехникалық шарлар. Ол өзінің ең биік нүктесіне жеткен соң, ауада айтарлықтай дыбыс шығарып, түрлі-түсті ұшқын шашады.

3. Петарда. Отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снаряд. Бұл – шулы фейерверк қатарына жататын, қатты және оқыс дыбыс шығаратын отшашу түрі (французша «peter» - «сатыр-сұтыр» деген мағына береді).

4. Ракета. Арнайы тіреуіштер арқылы атылып, белгілі бір ысқырықпен ұшып, өзінен кейін түтінді бейне қалдырады. 

5. Фонтан. 8 метр биіктікке ұшатын, көзтарталық түсті жалын ататын пиротехникалық бұйым. Оның түрлі дыбыс шығарытыны да бар. 

Мерекелік көңіл-күйден арыла алмай, әрқайсымыз осы отшашуларды қызықтап жүріп, қауіпсіздік шараларын ескермей қалып жүрмеңіздер! Арты келеңсіз жағдайға ұласпау үшін оларды сатып алу кезінде сауаттылық танытып, таңдап алыңыздар. Жаңа Жылдарыңызбен!

Сурет: nastol.com.ua, ruspir.ru, 

jumbofireworks.com, zagorje.com, ba-bah.ru, piro.ru

Е. Жұмабайұлы