Жаңа жылдың басты элементтерінің бірі − аққала. Балалардың қыс мезгіліндегі басты ермегі қардан аққала жасау. Бұл әдет есейгенде де қайталануы әбден мүмкін. Назарларыңызға фаршталған "аққаланың" жасалу жолын ұсынамыз:
Фаршталған аққала жасау үшін бізге:
5-6 жұмыртқа; 1 сәбіз; 1 байлам желкен; 50 грамм сыр; 10 грамм қара уылдырық; тұз, бұрыш.1. Алдымен жұмыртқаларды 7 минут қайнатамыз. Жарылып кетпеуі үшін бір шымшым тұз саламыз. Піскеннен кейін суық судың астында ұстаймыз.
2. Сәбізді бірнеше бөлікке бөлеміз.
3. Оны блендер немесе үккіш арқылы ұсақтаймыз.
4. Жұмыртқаның сопақтау жағын кесіп, сарыуызын бөліп аламыз.
5. Ұсақталған сәбізге жұмыртқаның сарысын, тұз, бұрыш қосып, араластырамыз.
6. Дайын болған фаршты жұмыртқаның ішіне саламыз. Сырдан аққаланың мұрнын, уылдырықтан көзін жасаймыз. Жұмыртқаның кесілген бөлігін бас киім етіп кигіземіз.
Міне, аққаламыз дайын. Жан-жағын өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.
Сурет: Massaget.kz