Алдағы мерекені, мандарин мен көтеріңкі көңіл күйді күтіп қана қоймай, өзімізді ретке келтіретін уақыт келді. Жаңажылдық көңіл күйді ерекше маникюрдің көмегімен білдіруге болады. Осыған орай, бірнеше идея ұсынамыз.
![]() |
|
Бұл мезгілде тек бірегей дизайн пайдаланылуы тиіс. Ол дизайнге қардың, ақша қардың, аяз атаның суретін салу арқылы да қол жеткізуге болады. Таңдау еркі өзіңізде.
![]() | ![]() |
Бір түсті маникюрді жаңа жылдық суреттермен толықтыруды ұмытпаңыз.
![]() |
![]() |
Жаңа жылға арналған мерекелік кеште металл түстес жылтырлар әдемі көрінеді. Мұнымен қатар, аталған лак көпке дейін сақталады.
![]() |
|
Қыс мезгілінде көк түстің кез келген реңкі сәнде. Ал, көгілдір, жақұт, қара көк сынды түрлері сән әлемінің төрінен орын алуда.
![]() | ![]() |
Маникюріңізге киіміңіздің түсіне сай ою-өрнек салуыңызға болады.
![]() | ![]() |
Классикалық бір түсті маникюр де өз маңыздылығын жоғалтпайда. Бірегейлік енгізу үшін бір саусағыңызға ғана сурет салып қоюыңызға болады.
Сурет: lady.gazeta.kz
Қ. Бүйенбай











