- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңа өмірді бастайтын...
Жаңа өмірді бастайтын сәт келді
Жыл сайын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында келер жыл өткен жылға қарағанда жақсы өтетініне, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде өмірімізде үлкен өзгеріс болатынына сенімді боламыз. Әр жылы бақыт пен махаббатқа толы жаңа өмір бастап, алғашқы аптаның соңғы күндерінде ескілікке ораламыз. Ситуацияны ретке келтіретін уақыт келді! Жаңа жылдың ескі жылдан гөрі айтарлықтай таңғажайыптар мен қызыққа толы болғанын қаласаңыз, төмендегі әрекеттердің бірін қалдырмай орындаңыз.
- Ақшалай, заттай - барлық қарыздарыңызды қайтарыңыз. Әсіресе, достарыңыздан уақытша алған кітаптарды қайтаруды ұмытпаңыз;
- Бөлмеңізді жақсылап жинастырыңыз. «Жаңа өмір таза парақтан басталады» деген сөздерді тікелей қабылдаған жөн;
- Гардеробыңызды ретке келтіріңіз. Кішірейіп қалған, киюге жарамайтын киімдерден арылыңыз;
- Барлығы туралы ойлаңыз. Қажет болса, тізім жазыңыз. Мүмкін болмашы дүниеге бола ренжіскен достарыңыз бар шығар? Ренжу мерзімі баяғыда сарқылған, сондықтан, татуласыңыздар;
- Алыстағы ағайын-туысқандарыңыздың қалын біліп, келе жатқан мейраммен құттықтаңыз;
- Әлеуметтік желіден араласпайтын адамдарды өшіріңіз. Өзіңіз танымайтын адамдармен араласудың қандай қажеті бар?
- Көптен бері сөйлеспеген ескі достарыңызды еске түсіріңіз. Ескі бір дос, жаңа екі достан артық. Себебі, арада талай қызық оқиға болған;
- Егер біреуді сүйсеңіз, оған бұл туралы айтыңыз. Танысуды армандасаңыз, қайта айналып келмейтін мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Жаңа жылға орындалмаған уәделерді жетелеудің қажеті жоқ;
- Дәл қазір барып қуантқыңыз келетін адамдарға сыйлықтар сатып алыңыз;
- Жұмысыңыз көп болса да, бір сағатыңызды бөліп, келер жылға жоспар құрыңыздар. Кем дегенде 12 жоспарыңыз болсын.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай