- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңа жыл туралы...
Жаңа жыл туралы әзілдер
Жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында, бір топ әзілді ұсынамыз:
* * *
Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін:
- Мадам, сіз маған үйге баратын жолды көрсетіп жібере аласыз ба?
- Иә ...
- Менің қайда тұратынымды сіз қайдан білесіз? Біз таныспыз ба?
- Өшір үніңді! Мен сенің әйеліңмін!
* * *
Бір кісі Жаңа Жыл қарсаңында ескі досына хабарласып жатыр:
- Досым, ол жақта қалай өмір сүріп жатырсыңдар?
- Не болды?
- Сұмдық суық емес пе?
- Қатты суық емес, - 20.
- Теледидардан «- 50» деп жатырғой?
- Аааа, ол сырттағы температурағой ...
* * *
- Аяз Ата, маған ойыншық көлік сыйлашы, - деп бала айқай салады.
- Айқайлама, Аяз Ата, сыбырлағаныңды да жақсы есітеді, - дейді оған анасы.
- Иә, бірақ әкем есігін жауып алды, есітпей қалуы мүмкін.
* * *
Ер жігіт үйіне шырша алып келсе, әйелі:
- О! Осындай үлкен аскөк қанша тұрады екен?
* * *
Мектептегі Жаңа Жыл кеші. Бастапқы әскери дайындықтан мұғалім Аяз Атаның киімін киіп алған:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, Аяз Ата!, - дейді жай дауыспен оқушылар.
- Бірдей шықпады. Кәне, тіктен, қайтала!
* * *
- Айыпталушы, сіз әмиәнді қашан тауып алдыңыз?
- 31 желтоқсан күні.
- Онда неге бірден милицияға тапсырмадыңыз?
- Сол күні милицияда ешкім болмады.
- Ал келесі күні ше?
- Келесі күні әмиәнда ештеңе қалмады.
* * *
- Жаным, Жаңа Жылға қандай сыйлық алғың келеді?
- Ой, білмеймін, тіпті ...
- Жақсы, онда саған ойлануға тағы бір жыл уақыт беремін.
* * *
- Жаңа жылдан кейін әйелі күйеуімен ыдыс-аяқты кім жуатыны туралы сөз таласып жатыр екен. Әйелі:
- Ендеше ыдыстарды кезекпен жуатын болайық! Бұл жыл сенің кезегің.
* * *
Жаңа Жыл мейрамы – бұл таңғы аспен аяқталатын кешкі ас ...
* * *
Жаңа Жыл мерекесі өткеннен кейін екі дос:
- Жаңа жылды қалай қарсы алдың?
- Білмеймін, әлі ешкім айтып берген жоқ ...
* * *
1 қаңтар, таңертең. Емханада тексеру. Дәрігер палатаға кіріп, тізімге қарай:
- Талапов осында ма?
- Мен.
- Фамильяңыз қандай?
* * *
Бірінші қаңтар. Әке-шеше телефон арқылы:
- Балам, Жаңа Жылды қалай қарсы алдың?
Баласы нені сұрап жатқанын нақты түсінбей:
- Мен оны қарсы алған жоқпын ... Ол өзі келді.
* * *
- Ата, Аяз Ата! Мен Жаңа Жылға үлкен қызыл көлікті қалаймын!
- Жарайды!, - деп, Аяз Ата пәтерді жандырып жіберіпті.
* * *
Желтоқсан айының соңы. ЖОО-нда лекция жүріп жатыр. Лектор: «Біз маңызды тақырыпты талдауға үлгермей қалдық. Қосымша сабақ өтетін боламыз». Күнделігін ашып: «... Сонымен, менде 30 желтоқсан кешкі уақыт пен 31 желтоқсан таңертең бос екен. Қай күнді таңдайсыңдар?», - десе, студенттер бір дауыспен: «31-і кешке!!!», - дейді күліп. Лектор: «Тоқтай тұрыңдар, 31 желтоқсанның кешкісіне менің қандай жоспарым бар еді ...»
* * *
Аяз Ата психотерапевтке келіп:
- Дәрігер, көмектесіңізші! Мен өз-өзіме сенбеймін ...
* * *
Ер адамның үш кезеңі:
1. Аяз Атаға сенетін кез.
2. Аяз Атаға сенбейтін кез.
3. Өзі Аяз Ата болатын кез.
* * *
Санта-Клаус клаустрофобиямен ауырады.
Сурет: www.goodfon.ru
Ж. Өрісбай