Келе жатқан жыл тоқтылар үшін сәтті жыл болады. Олар бұл жылы адамдармен араласуды үйренеді. Соның арқасында жұмысы алға басады.
Жұлдыздар бұл жылы тоқтылар көп досын жоғалтатындығын баяндайды. Сондықтан, ескі достарыңыздан артық жақын адамдардың болуы екіталай екенін естен шығармаңыз.
Жыл басында демалып күш жинап алғаныңыз жөн. Себебі, жазға қарай шаруа көбейеді. Қаңтар айын демалысқа арнап, ақпаннан бастап ойға алған жоспарларыңызды іске асыруды бастаңыз.
Мансап
Тоқты табиғатынан мансапқа құмар. Ал мақсатқа жету үшін бұл жылы адамдармен түсінісуді үйренуі керек болады.
Бұл жылы бизнес ашуға да мүмкіндік көп. Сіз - жақсы басқарушысыз. Бірақ қарамағыңыздағы адамдарға құрмет көрсетіп қарым-қатынас жасағаныңыз абзал.
Күшіңіз жетпейтін істі мойныңызға алмаңыз.
Қаржы
Бұл жылы тоқтылардың қаржылық жағдайы жақсы болады. Сондықтан, қайырымдылық жасауды ұмытып кетпеңіз.
Жылдың басында ақшаңызды жинаңыз. Ортасына таман жеке ісіңізді ашуға мүмкіндік пайда болады. Ақшаңызды сол кезде пайдаланыңыз.
Денсаулық
Тоқтылар жылдың басында респираторлық-вирустық ауруларға шалдығуы мүмкін. Сондықтан, жыл басынан иммунитетіңізді жақсартуға тырысыңыз.
Сәуір мен маусымның арасында денсаулығыңызға барынша көңіл бөліңіз. Таза ауаға жиі шығып демалып тұрыңыз.
Махаббат
Бұл жылы махаббатыңызды жолықтырасыз. Ол алыста емес, қасыңызда жүрген болуы мүмкін. Сондықтан, айналаңызға мұқият зер салыңыз. Жылдың басында басталған қарым-қатынас мықты болады.
Ал егер үйленген болсаңыз, жұбыңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз. Бұл – бақыттың кілті.
Сурет: hotdog.hu