Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Суқұйғыш

Қой жылы суқұйғыштың барлық бастауына сәтті келеді. Олар бір уақытта қызық құмар, сөзге шешен, қамқор және ауыр жұмысқа мойынсынбайтын болып өзгереді. Суқұйғыштар қой жылында кез келген жоспарын жүзеге асыра алады. Дегенмен жоғарыда айтылған суқұйғыштың еш еңбектенбей жетістікке жете алатынын білдірмейді. Олар өз саласында мол еңбектеніп, жыл соңына қарай сүбелі нәтижеге жетеді. Суқұйғыштардың жеке өмірінде де жақсы өзгерістер бар.

Мансап

Суқұйғышқа қой жылында өзі қалаған орында, өзі қалаған мансапта жұмыс істеуіне мүмкіндігі келмейді. Сондықтан олардың мансаптық өсуі болмайды. Себебі жұмыс тек табыс алып келмей, қызығушылықты да арттыруы тиіс. Бұл белгінің адамдары творчестволық қуаты мен дүниетанымын дұрыс бағытқа сала алады.

Қаржы

Суқұйғыштың ең негізгі бағыты творчествоның көмегімен қаржыға бөленуді сүйемелдейді. Олар замандастары арасында тәжірибелі көрініп, оларды өзімен ілестіре кете алады. Басында жәй ғана қызығушылық ретінде басталған жоба кейіннен жақсы табыс кілтіне айналады. Тіпті жеке бизнестің бастауына да көп мүмкіндік пайда болады. 

Махаббат

Жыл басында суқұйғыштардың жеке өмірінде жаңа танысу болмайды. Біреулер бұрынғы махаббатын қайта сағынса, тағы біреулер барлығына нүкте қояды. Жаңа өзгерістер тек көктемнің жылы лебімен кіріп келеді. Кішігірім ренжісулер маусымның басына қарай болса да, тату өмір сүрудің самалы сізге де келеді. Ұнатқан адамына бірден көңіл қою дұрыс болмайды. Тек өзіңізді бақылай білгеніңіз жөн. 

Денсаулық

Суқұйғыштың денсаулығы қыстың суығына қарамастан еш ауыртпалық танытпайды. Негізі аталған белгінің үлесі тиген адамдар дәрігерге барғанды ұната бермейді. Кішігірім салқын тиіп қалғанда өзінің емдеу әдісін пайдаланады. Дегенмен кейбір жағдайда бұл процесс кері әсерін тигізуі ықтимал. Сондықтан дәрігердің көмегіне жүгінген жөн болады. 

Сурет: duh-razvitie.ru