Жаңа жыл - 2015. Жұлдызжорамал: Мерген

Бұл жылы сіздердің көптен күткен армандарыңыз орындалып, алыс сапарларға аттануыңыз мүмкін. Бұл жылы сіздің көңіл-күйіңізге жақсы әсер ететін себеп мол болады. Кішігірім кедергілер сіздің өміріңізге әсерін тигізбейді. Барлық шаруаңыз жеңіл әрі жылдам шешіледі. Жаңа дос-құрбы табасыз.

Мансап

2015 жылы Мергендердің көбі жұмыс орнын ауыстыруға бармайды. Себебі, қызмет етіп жүрген жеріндегі ұжым мен қызметі көңілінен шығады. Тіпті кейбір Мергендер бұрынғы жұмыс орнына қайтып келуді көздейді. Жұлдыздар 2015 жылдың күзінде Мергендерге басшылықпен келіспеушіліктер болуы мүмкін деп ескертеді. Алайда ол ұзаққа созылмайды, барлығы реттеледі.

Қаржы

Көктемде сіздерге қаржылай қиындықтар туындауы ықтимал. Бұл тығырықтан шығу үшін туыстарыңыз қол ұшын береді. Дегенмен қарыздарыңыз бен несиелеріңізден құтылу оңайға соқпайды.

Сәуір мен шілде айларының арасында жеңіл ақша табасыз. Лотерея немесе конкурс жеңімпазы атануыңыз мүмкін. Сәттілік сіздің серігіңіз болады. Сондай-ақ жылдың соңында сіз жақын адамыңыздан немесе ағайын-туыстарыңыздан өте бағалы сыйлық аласыз. 

Махаббат

2015 жылы Мергендер өздерінің өмірлік сыңарларын кездестіруі әбден мүмкін. Бұл жылы көп танысқа тап боласыз. Көктемде сіздің қаржылай мәселелеріңізді шешуге көмектесетін қамқор адаммен танысуыңызға мүмкіндік бар. Бірақ сіз жолықтырған жанның жасы сізден біршама үлкен немесе кіші болуы мүмкін.

Қараша айының аяғында туылған Мергендер бұрынғы сүйіктілеріне оралуы мүмкін. Алайда ұмытылмас сезім сіздерге алға қарай нық қадам басуға кедергі келтіреді. Іс-әрекетіңіз сіз ойлағандай болмайды. Сол себепті сіз өткенге оралмай, барлығын жаңадан бастауға тырысыңыз. 

Денсаулық

Астрологтар ауруханаға жатқыңыз келмесе, 2015 жылы денсаулығыңызға көп қарауыңыз керек деген болжам айтуда. Барлық зорығулар сізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Дәрігерге қаралуды естен шығармаған жөн. Және үйде жатып емделмей, бірден дәрігерге бару керектігін қатаң ескертеді.

Ағзаға кальцийдің жетіспеушілігінен әртүрлі ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданыңыз.

Сурет: astrolga.wordpress.com

Оқи отырыңыз:

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Сарышаян

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Таразы

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Бикеш

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Арыстан

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Шаян

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Егіздер

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Тоқты