Аяз ата мен Санта-Клаустың айырмашылықтары қос континенттің климатының әртүрлі болуымен түсіндіріледі.
1. Бас киім.
Аяз ата теріден тігілген қалың бас киім кисе, Санта-Клаус домалақ шашақты бас киім киеді екен.
2. Сақал.
Аяз атаның сақалы беліне дейін келетін ұзын болады. Ал Санта-Клаустың сақалы қысқа келеді.
3. Сырт киім.
Аяз атаның тоны тобыққа дейін келетін ұзын болады. Ал Санта-Клаус қысқа күртеше киеді.
4. Киімінің түсі.
Аяз атаның киімі көбіне қызыл, көк немесе ақ болады. Ал Санта-Клаустың киімі тек қызыл түсті болады.
5. Қолғап.
Аяз атаның қолғабы қалың болса, Санта-Клаустікі жеңіл әрі жұқа болады.
6. Қолында.
Аяз ата асатаяқ ұстаса, Санта-Клаустың қолында ештеңе болмайды.
7. Белдік.
Аяз ата матадан тігілген ақ белбеу тағады. Ал Санта-Клаустың белдігінің айылбасы (белдікті ұстап белде ұстап тұратын темірден жасалған бөлігі) болады.
8. Аяқ киім.
Аяз ата пима, ал Санта-Клаус етік киеді.
9. Көзілдірік.
Санта-Клаус көзілдірік тағады. Ал Аяз ата тақпайды.
10. Көлік.
Аяз ата атқа жегілген шанаға мінетін болса, Санта-Клаус бұғыларға жегілген шанамен жүреді.
11. Көмекшілері.
Аяз атаға оның немересі Ақшақар көмектессе, Санта-Клаусқа мейірімді эльфтер қызмет етеді.
сурет: bankoboev.ru, fonxl.ru