Асыға күткен Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Мереке қарсаңында оңтүстік астанамыздың Жаңа жылға дайындығын білу мақсатында жолға шықтық. Фотоаппаратымызды алып, әсем қаланың әдемі бейнесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. Алып шаһардың суретке сыймас сұлулығын бір ғана фоторепортажбен жеткізу мүмкін емес. Дегенмен сүйікті қаламыздың әдемі бейнесін, көрікті кейпін барынша көрсетуге тырыстық. Бұл фоторепортажда Жаңа жыл қарсаңындағы Алматының күндізге және түнгі келбеті түсірілген. Әсем қаланың әдемі бейнесін бірге тамашалайық!