Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Сарышаян

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Сарышаян

2015 жылы сарышаяндар белсенді болып, өмірінің деңгейін жақсартуға талпынады. Бұл қоғамық, жеке және кәсіптік өмірге қатысты айтылған.

Жұлдыздар көктемде өзіңізді тежей білуге шақырады. Сөздеріңізге ие болыңыз. Әйтпесе, дұшпандар қатары көбеюі мүмкін. Сарышаян өзінің мақсаттарын орындауға тырысады. Сонымен қатар жақынына да көмектесуден аянбайды.

Мансап

Қой жылы сарышаян кез келген қиыншылықтарға тойтарыс бере алады. Өзіңізге сенімді болыңыз. Мақсатқа жету жоспарын құрып, ақырындап қадам баса беріңіз.

Студенттер күзде оқуда белсенді болады. 2015 жылы сарышаяндардың энергиясы өте көп болады. Жаңа істер, жобалар, бастамалар үлкен энтузиазммен ілессе, уақыт өте келе бәсеңдеуі мүмкін. Қой жылы сізге бір істі соңына дейін жеткізуді үйретеді. Мансабыңыз жоғарыламаса да, жақсы таныстар тауып, абыройыңыз нығайып, кәсіп деңгейіңіз өседі. Интуицияңыз сізді табысқа жету жолына бағыттайды.

Қаржы

Жылдың басында сізге ақшаның судай ағып кететіні байқалса, кейінірек қалтаңыз толысып қалады. Ақшаны басқару мәселесін шеттетпеңіз.

Махаббат

Қаңтар, тамыз бен қараша айларында жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Бұл кезеңдер жаңа таныстар әкеледі. Ал қарым-қатынастағы сарышаяндар нақты шешімге келеді. Нәзік жандыларға үйлену жайлы ұсыныстар түсуі әбден мүмкін. Ал ер адамдар өз сүйгеніне ұсыныс жасап немесе шын махаббатын кездестіріп, өмірін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылады. 2015 жылы сарышаяндар жалғыз болуы екіталай.

Денсаулық

Негативті жүрегіңе жақын қабылдамаңыз. Стресске берілсеңіз, көктемде ауырып қалуыңыз мүмкін. Денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда. Темекі, алкогольден бас тартып, диетаға мойын бұрып, позитивті ойлауға тырысыңыз.

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Сурет: qigaipo.com

Оқи отырыңыз:

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Таразы

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Бикеш

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Арыстан

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Шаян

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Егіздер

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Тоқты

Ф. Абилова