- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңа жыл –...
Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Бикеш
Жұлдызжорамал бойынша бикештерге 2015 жыл - жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың кеңестеріне де құлақ асып жүргеніңіз абзал.
Келер жылы бикештер өмірін өзгертуге тырысады. Ағайын-туыс, дос-жарандарына, жұлдызы қарсы жандарға қарап, философиялық тоқтам жасауға ұмтылады. Сабырлы қалпында жүріп, төзімділік таныта білу – бикештердің өміріне оң өзгерістер әкеледі. Жалпы, қой жылы бикештер үшін қолайлы болады.
Мансап
2015 жылы бикештердің мансап жолындағы жоғары өрлеуі қайшылықтарға толы. Десе де бұл жұлдызнама иелері ақшаларын орынды жұмсай білсе, мансап жолында да, отбасында да қиындықтар аса көп кездеспейді. Бастысы – өздеріне сену керек.
Қой жылы бикештер қаржы қорын молайту үшін тәуекелге барудан қашпағаны абзал. Бұл жолы ескі таныстар зор көмегін тигізсе, екінші жағынан шетелден серіктестерді іздеуге тура келеді. Өйткені, бұл жұмысыңыздың тасы өрге домалауына септігін тигізеді.
Қаржы
Бикештер 2015 жылы қаржы мәселесі бойынша таршылық көрмейді. Тек кейбір заң жүзіндегі құжаттар әуре-сарсаңға салуы мүмкін. Бірақ, бұл қиындық та өз шешімін табады. Табысқа жету үшін – бикештерге босаңсуға болмайды. Үлкен істің басын қайырғалы жүрсеңіз, сәуір, мамыр және тамыз айларында тәуекелге барудан жасқанбаңыз. Бұл сіздің қаржы қорыңыздың молаюына да бірден-бір жол болады.
Денсаулық
Жыл басында денсаулығыңызды күтіңіз. Жұқпалы аурулардан абай болыңыз. Өйткені, бұл уақыт бикештер үшін аса жайлы емес. Күз және қыс мезгілдерінде артық қадам жасап немесе алыс жолға шықпағаныңыз дұрыс. Себебі, мұның соңы ауруханаға түсіп қалуыңызбен аяқталуы әбден мүмкін. Өзіңізді-өзіңіз емдеуден аулақ болыңыз. Жұлдыз жорамал бойынша, қой жылында бикештер денсаулығын күтіп, сақтықты естен шығармағандары жөн.
Махаббат
Бикештерге 2015 жылы өзін-өзі тану, таным көкжиегін кеңейту мен мінез-құлқын өзгертуге кеңес беріледі. Мұның барлығы өздерінің ынтасы мен ерік-жігеріне байланысты болмақ. Қой жылы бикештерді көптеген ойын-сауық кештері мен жаңа таныстар күтіп тұр. Ал махаббатта желдің қай жақтан соғатынына мән бере жүрген дұрыс. Жаз мезгіліне қарай сүйікті жандарыңызбен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бірақ, бәріне түсініспеушілікпен қарауға тырысыңыз. Сүйген жаныңызды таңдап үлгерсеңіз, онда осы жылы шаңырақ көтергеніңіз абзал. Бұл сіздің болашақта биікке өрлеуіңізге кепіл болады.
Келер жылы жаңа табыс пен бақыт тілейміз!
Сурет: monyin.com
О. Сансызбай