- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2015
- Жаңа жыл –...
Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Егіздер
Қой жылы басталмай тұрып келер жылға жоспар құрады. 2015 жылы көптен бері ойға алған мақсаттарын жүзеге асырады. Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады. Алғашқы махаббатын жолықтырып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ол өзгеріс тұрмысқа шығу, шетелге бару, мекен-жайын ауыстыру болуы мүмкін. Жыл бойында белсенді болып жүруіне махаббат әсер етеді. Періште қорғап, серігі табыс болады.
Өмірден таңғажайыптар күтіңіз. Алда жаңа таныстықтар мен қызметке байланысты ұсыныстар күтіп тұр.
Мансап
Жыл бойы билік жүргізуге құмартады. Мақсатына жету үшін таныстарын пайдаланады. Көбі ойына алғанына қол жеткізеді. Алайда, істің сапалы болатыны белгісіз. 2015 жылдың тамыз-қараша айларының аралығында қызметі жоғарылады. Шығармашылыққа қатысты істерде жолы болады. Махаббат пен мансап арасында таңдау жасауларына тура келеді.
Қаржы
Ақшаны ақылмен жұмсау үшін түрлі кітап оқиды. Жыл бойы ақшаны үнемдеп жұмсайды. Ақшаны көп қажет етпейді. Жоспарларын жүзеге асыру үшін достары ақшалай көмек ұсынады. Қаржыны өзі немесе отбасы үшін емес, үй сатып алуға, көлік алуға жұмсайды.
Денсаулық
Күйбен тірлікпен жүріп денсаулығыңызға қарайлауды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Бірақ, еш ауру мазаламаса да, жылына екі рет тексеруден өтіңіз. Денсаулығыңыз нашарласа, махаббатта да, мансапта да жолыңыз болмайды.
Махаббат
Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген егіздер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады. Қой жылында отбасын құру мүмкіндігі өте төмен. Ал, егер отбасын құратын болса, ертегідегідей өмір кешеді. Отбасын көктемнің наурыз, сәуір, күздің қыркүйек, қазан айларында құрған дұрыс.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай